Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қ. Айтуганов: Бруцеллез ауруының көрсеткіші 40% төмендеді

Қ. Айтуганов: Бруцеллез ауруының көрсеткіші 40% төмендеді

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші Вице-министрі Қайрат Айтуғанов Қазақстандағы аса қауіпті аурулар жайын баяндады.

«Жазғы мезгілде аурулардың таралуына бірден-бір себеп ветеринарлық қызметте өңірлер мен орталықтар арасында өзара әрекеттестіктің болмауы болып отыр. Осындай жағдайларды шешу үшін Министрлік пен әкімдіктермен бірлесіп 2016 жылдың аяғына дейін қолданылған шараларды нақтылауды күшейту, вакцинациялау, бірдейлендіру және диагностикалық талдау сияқты қадамдық жоспар дайындалды»,- деп хабарлады Қ.Айтуғанов.

Осындай өзара әрекеттестік жақсы нәтижесін көрсетіп отыр. Мысалы, былтырғы жылмен салыстырғанда 1 қарашадағы жағдай бойынша бруцеллез ауруының адамдар мен жануарлар арасында тарауы 40%-ға азайған. (Ірі қара мал ауруы 44,7 мың бастан 29,4 мың басқа дейін, Ұсақ мүйізді мал 34,9 мың бастан 21,8 мың басқа дейін, елді мекен тұрғындары 1334 тен 609 дейін). Бұл зерттеу мерзімдерін қатаң сақтау және дер кезінде ауру малды союдың нәтижесі болып табылады, яғни кейіннен жануарлар мен адамдардың қайта жұқтыруы байқалмады.

Айта кетейік, АӨК дамыту бойынша жасалынып жатқан жаңа Мемлекеттік бағдарламасында ветеринария саласының сұрақтары кеңінен қарастырылып жатыр.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus