Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қ. Айтуғанов: Ветеринариялық препараттарға бақылауды күшейту керек

Қ. Айтуғанов: Ветеринариялық препараттарға бақылауды күшейту керек

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов ветеринариялық препараттарға бақылауды күшейтудің шараларын атап өтті.

«Сапасыз вакциналарды өндірудің бірден бір себебі олардың қысқа мерзімде жеткізілуі болып табылады. Конкурстың нәтижесі бойынша өндіруші вакцинаны келісімшартқа сәйкес 15 күн ішінде жеткізуі қажет, бұл вакцинаны өндіру технологиясының шаттарын сақтамау болып табылады. (кем дегенде 2,5 ай ). Осыған байланысты жыл сайынғы мемлекеттік сатып алу конкурсын 15 желтоқсаннан бастап жүргізу шешімі қабылданып, сондай-ақ, бұған дейін конкурс сәуір айында басталып келген»,-деді Қ. Айтуғанов.

«Ағымдағы жылдың тамыз айында сібір жарасына қарсы вакциналардың сапасын тексеруге, Украина және Эфиопия зертханаларына вакцина үлгілерін жіберген болатынбыз. Нәтижесінде вакцинаның сапасыз екендігі анықталып, барлық материалдар құқық қорғау органдарына жолданып, бүгінгі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр»,- деп Бірінші вице-министр Қ. Айтуғанов атап өтті.

Оның айтуынша, заңнамада ветеринариялық препараттарды өндірушілерден лицензияларды кері қайтарып алу механизмі реттелмеген, қазіргі таңда лизенция мерзімсіз уақытқа беріледі, бақылау жылына 1 рет жүргізіледі. Егер өндірушілер тапсырыс берушілерді сапасыз вакцинамен қамтамасыз еткен жағдайда, олардың лизенцияларын кері қайтарып алу үшін, Министрлікпен заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі жоспарлануда.

«Ветеринариялық препараттарды өндірушілер мен жеткізушілерге осыдан кейін оларға қойылатын талаптар күшейтіледі»,- деп баяндамасын қорытындылады Қ.Айтуғанов.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus