Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қ. Айтуғанов: Ветеринариялық ережелерді бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларды бас бостандығынан үш жылға дейін айыруға заңдылықпен жауапкершілік қарастырылған

Қ. Айтуғанов: Ветеринариялық ережелерді бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларды бас бостандығынан үш жылға дейін айыруға заңдылықпен жауапкершілік қарастырылған



Бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші Вице-министрі Қайрат Айтуғанов Қазақстандағы ветеринарлық қауіпсіздік жағдайы туралы кеңінен баяндады.

«Үкіметтің тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың шілде айынан бастап бүгінгі күнге дейін әкімдіктер арнайы жұмыс жүргізіп жатыр. Жекелей айтқанда ағымдағы жылдың шілде айында қосымша 255 сібір жарасы көмінділерінің орналасқан жері анықталған, 620 көмінділер жаңадан қоршалған, 761 тану белгілері орнатылды»,- деді Қ.Айтуғанов.

Әкімдіктерде сібір жарасы көмінділерін қоршау жұмыстары жүргізілуде.

«Олардың ішінде: 125-нің тану белгілері жоқ, олардың көбісі Павлодар – 45, Қостанай – 33, Атырау – 25, 271 қоршалмаған бұл жерде көпшілігі БҚО – 139, Павлодарда – 45, Қостанайда – 33 байқалады»,- деп хабарлады Министрдің Бірінші орынбасары.

Әрі қарай, Қайрат Айтуғанов әкімдіктердегі ветеринарлық пункттердің арнайы жабдықтармен қамтамасыз ету мәселесін қарастырды.

«Ағымдағы жылдың тамыз айында жүргізілген тексерістер нәтижесінде бірнеше түсініксіз жайттар орын алды. Мысалы, Атырау облысындағы 72 ветеринарлық пункттердің 33-інде ветеринарлық препараттарды сақтайтын арнайы тоңазытқыш болмай шықты, Қостанай облысы бойынша ветеринарлық препараттарды үй жағдайында сақтаған 12 жағдай кездесті, 6 ветеринарлық пункттер электрмен жабдықталмаған»,- деп айта кетті Қ.Айтуғанов.

Анықталған құқық бұзушылық деректері бойынша тиісті шаралар қабылданған болатын.

«Министрліктің аумақтық бөлімшелерінен және əкімдіктерден 5 адам жұмыстан босатылды, 5 маманға сөгіс жарияланды, 7 маман мен 1 заңды тұлғаға бір миллион теңгеден артық сомаға айыппұл салынды.Еске сала кетсек, ветеринарлық ережелерді бұзғаны үшін кінәлі тұлғаларды бас бостандығынан үш жылға дейін айыруға заңдылықпен жауапкершілік қарастырылған»,-деп өз сөзін аяқтады Қ.Айтуғанов

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus