Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қ. Айтуғанов: Малдарға егілген вакцинация әкімдіктің жауапкершілігінде

Қ. Айтуғанов: Малдарға егілген вакцинация әкімдіктің жауапкершілігінде

Бүгінгі Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығының Бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов еліміздегі ветеринария саласының жай-күйіне тоқталды.

«2014 жылғы жүргізілген мемлекеттік басқарудың жекелену барысында, әкімдікке ветеринария саласының функциялары 1097 штаттық бірлікпен қоса берілді. Министрлікке ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт/импортқа шығуы мен әкімдіктің ветеринария саласында істеп жатқан жұмыстарын үйлестіру мен бақылау жүргізу және саланы заңмен қамтамасыз ету функциялары қалды»,-деп хабарлады Қ.Айтуғанов.

Ветеринария саласының негізгі функциялары Әкімдік арқылы жүзеге асырылады. Мысалға, вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу, жануарларды бірдейлендіру және санитарлық мал союды ұйымдастыру, ветеринарлық анықтаманы беру, ішкі сауда объектілеріне, жеке ветеринариялық дәрігерлердің жұмысына, емдеу мекемелеріне, дәріханалар мен зертханаларға, ветеринариялық-санитарлық сараптамаларға бақылау жүргізу және мал қорымдарымен қамтамасыз ету.

ҚР АШМ өкілі вакцина сатып алу жүйесін жетілдіру шаралары туралы баяндады.

«Сапасыз вакцинаны өндірудің бірден-бір себебі вакцинаны қысқа мерзімде жеткізу болып табылады. Осыған байланысты, жыл сайынғы мемлекеттік сатып алу конкурсын 15 желтоқсанға дейін хабарлау сияқты конкурстық құжаттарға бірнеше өзгерістер енгізілді»,- деді Қ.Айтуғанов.

Қайрат Айтуғанов ветеринария саласын модернизациялауға бағытталған алдағы жоспарланған шараларды да айта кетті. Мысалы, ветпрепараттарды өндірушілер мен жеткізушілер үшін талаптарды күшейту көзделіп отыр. Талаптар орындалмаған жағдайда заңға сәйкес, лицензияларынан айрылып қалулары да мүмкін.

Сондай-ақ баяндамада, Бірінші вице-министр Қ. Айтуғанов, АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жасалынып жатқан Мемлекеттік бағдарламасында ветеринарлық бақылауды күшейту мақсатында бірнеше өзгерістер енгізу көзделіп отырғанын айтты. Олар: малдарға арналған сырғаларды сатып алу функциясын әкімдікке беру, ветеринарлық ұйымдардың талаптарын жергілікті атқарушы органның бекіту, әкімдіктегі ветеринариялық бөлімшелердің жұмысының тиімділігін бағалау жүйесі, ауыл шарушылығы өнімін өндірушілердің әкімдіктегі ветеринариялық бөлімшелер алдында есеп беруді енгізу болып табылады.

«Сонымен қатар әкімдіктің құзіретіне жататын бірнеше сұрақтарға тоқталсақ. Ағымдағы жылдың тамыз айында жүргізілген тексерістер нәтижесінде бірнеше түсініксіз жайттар орын алды. Мысалы, Атырау облысындағы 72 ветеринарлық пункттердің 33-інде ветеринарлық препараттарды сақтайтын арнайы тоңазытқыш болмай шықты, Қостанай облысы бойынша ветеринарлық препараттарды үй жағдайында сақтаған 12 жағдай кездесті, 6 ветеринарлық пункттер электрмен жабдықталмаған»,- деді Қ.Айтуғанов.

Баяндама соңында ҚР Ауыл шаруашылығы Бірінші Вице-министрі Қ.Айтуғанов ветеринария саласында тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер туралы ақпарат беріп өтті.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus