Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қ.Айтуғанов әкімдіктің жауапкершілігін еске салып өтті

Қ.Айтуғанов әкімдіктің жауапкершілігін еске салып өтті

Бүгін Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің Бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов ветеринарлық сала бойынша әкімдіктің құзыретіндегі мәселелерге тоқталып өтті.

«2014 жылғы жүргізілген мемлекеттік басқарудың жекелену барысында, әкімдікке ветеринария саласының функциялары 1097 штаттық бірлікпен қоса берілді», деді Бірінші вице-министр.

Ветеринария саласының негізгі функциялары Әкімдік арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, вакцинацияны ұйымдастыру және жүргізу, жануарларды бірдейлендіру және санитарлық мал союды ұйымдастыру, ветеринарлық анықтаманы беру, ішкі сауда объектілеріне, жеке ветеринарлық дәрігерлердің жұмысына, емдеу мекемелеріне, дәріханалар мен зертханаларға, ветеринарлық-санитарлық сараптамаларға бақылау жүргізу және мал қорымдарымен қамтамасыз ету.

Министрлікке ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт/импортқа шығуы және әкімдіктің ветеринария саласында істеп жатқан жұмыстарын үйлестіру мен бақылау жүргізу және саланы заңмен қамтамасыз ету функциялары қалды,-деп хабарлады Қ.Айтуғанов.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus