Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес Ауыл шаруашылығы министрінің есебін тыңдады

Агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес Ауыл шаруашылығы министрінің есебін тыңдады

Бүгін Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңес ҚР Премьер-министрі, Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтің 2016 жылдың қорытындылары бойынша есебін тыңдады.

Қоғамдық кеңес мүшелері алдында сөз сөйлеген Министр қоғамдық ұйымдардың агроөнеркәсіптік кешеннің өзекті міндеттерін шешудегі үлесін атап өтті. Сондай-ақ, қоғамдық Кеңестің қызметі саланың айтарлықтай мәселелері бойынша қоғамдық пікірді әзірленіп жатқан құжаттарда ескеруге мүмкіндік бергенін көрсетті.

Кеңес қызметінің қоғамдық пікір мен ұсыныстарды әрбір құжатты әзірлеу барысында агросаланың мәселелері бойынша ескеріп отыруға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Министр агроөнеркәсіптік кешеннің 2016 жылдағы даму нәтижелерін әңгімелеп, ведомствоның алдында тұрған жаңа міндеттерді тізбеледі.

Айта кетейік, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2016 жылы 3,5 трлн. теңгені құрап, 5,5%-ға өсті. Бұл ретте өндіріс көлемінің өсімін соңғы 10 жылда алғаш рет барлық облыстар қамтамасыз етіп отыр.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі 164 млрд. теңгеден 253 млрд. теңгеге дейін 1,5 есе өсті (2015 жылы – 164 млрд. теңге, 8%-ға төмендегенді).

АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдаудың жүйелік шараларын жақсарту бойынша министрлікпен маңызды сараптамалық жұмыстар жүргізілді.

Соңғы төрт айдың көлемінде Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру бойынша атқарылып жатқан шаралардың оңды нәтижелері көрініп тұр. Айталық, өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда:
– ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2,9%-ға өсіп, 490,1 млрд. теңгені құрады;
– ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестиция көлемі 26,3%-ға өсіп, 47,2 млрд. теңгені құрады.

Қоғамдық кеңес төрағасы Михаил Трошихиннің айтуынша, қазіргі уақытта Кеңес құрамы АШМ-ге жүктелген қосымша функцияларға орай 12-ден 18 адамға дейін көбейді. Кеңес өзінің құрылымдық қатарына 68 қоғамдастық өкілін тарта отырып, 7 тұрақты Комиссия құру арқылы, қоғамдық мүдде мен жемқорлыққа қарсы бағыттардың сақталуы тұрғысынан нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық сараптамасын жүргізу процедурасын жүзеге асырады. Бүгінде 350 жоба қаралып, оларға 38 толықтыру мен өзгерту енгізілді және олардың барлығы да аталған құжаттарды әзірлеушілер тарапынан қабылданды.
Кеңес 13 отырыс ұйымдастырып, олардың 10-ы АӨК-тің аса маңызды мәселелері бойынша қоғамдық тыңдалым форматында өтті (оларға 5400 адам қатысты).

Министрдің баяндамасын тыңдап, өзара талқылаған соң, Қоғамдық кеңес мүшелері Министрлік тарапынан жасалынып жатқан жұмыстарға оң баға беретіндіктерін атап айтты. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ой-пікірге ашықтығын атай отырып, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері Министрлік жүргізіп отырған саясатын қолдайтындықтарын білдірді. Осылайша, алдында айтылған жүйелік сұрақтар мен мәселелер өзінің шешімдерін табуда. Мысалға, жаңа Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу барысында да үкіметтік емес сектор ұсыныстарының ескерілгенін және әртүрлі қоғамдық орталарда жан-жақты талқылаудан өткенін мысалға келтірді.

Тыңдау қорытындысы бойынша АӨК-тің басты бағыттарын бұдан әрі дамытуға қатысты нақты ұсыныстар жазылған арнайы Қарар қабылданды.
Сонымен қатар, Министр Кеңес мүшелерін мазалаған сауалдарға жауап берді.

Жиын соңында А. Мырзахметов Министрлік, облыстар әкімдіктері және қоғамдық бірлестіктердің, оның ішінде, аграрийлердің өзара тізе қосып, күш біріктіруінің арқасында Мемлекет басшысы алға қойған міндеттердің жылдам еңсерілетініне сенім білдірді. Ал Қоғамдық кеңес қызметі ауыл шаруашылығы саласының өте өткір мәселелерінде азаматтық қоғамның пікірін барынша ескеріп отыруға мүмкіндік береді.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

 

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика