Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы аграрлық ғылымның рөлі

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы аграрлық ғылымның рөлі

2017 жылдың 27 наурызында Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді (әрі қарай – АӨК) дамыту мәселелері бойынша Қоғамдық Кеңес Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауын талқылау мақсатында «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудағы аграрлық ғылымының рөлі» тақырыбында қоғамдық тыңдау өткізді.

Биылғы Жолдауда экономиканың аграрлық секторына ерекше көңіл бөлінген. Ауыл шаруашылығы саласын экономиканың драйверіне айналдыру тапсырылды. Жолдауда көрсетілгендей, Қазақстан көптеген позициялар бойынша әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола алады. Аталған міндеттер «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында іске асырылуы қажет. Бұл мемлекеттік бағдарламаның стратегиялық мақсаты – нарықта сұранысқа ие бәсекеге қабілетті АӨК өнім өндірісімен қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда АӨК саласында «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ құрамында 3 аграрлық ЖОО, 31 филиалдары бар 23 ғылыми зерттеу институттары, 7 тәжірибелік шаруашылықтар, 7 селекциялық станциялар, 4 сервистік компаниялар бар. «ҰАҒБО» КЕАҚ ғылыми-білім беру мекемелері еліміздің барлық аймақтарын толық қамтиды.

Қоғамдық тыңдалымда Кеңес мүшесі, «ҚР ауыл шаруашылығы ғылымдарының Академиясы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті, академик Ғ.Ә.Қалиев баяндама жасады.

Іс-шараға ҚР АШМ департаменттер мен комитеттер, облыстардың Қоғамдық Кеңес өкілдері, республикалық палаталар мүшелері, агробизнес басшылары, жетекші ғалымдар, ЖОО-лар профессорлық-оқытушылар құрамы, сонымен қатар БКБ арқылы жергілікті атқарушы органдар өкілдері және т.б. қатысты.
Қоғамдық Кеңес отырысының нәтижесі бойынша уәкілетті салалық органдарға, жергілікті атқарушы органдарға, кеңестер, палаталар мен ғылыми көпшілікке ұсынымдар қабылданды.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика