Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет 100 нақты қадам Баяндамалар «Агроөнеркәсіптік кешендегі экспорттық саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниевтің баяндамасы

«Агроөнеркәсіптік кешендегі экспорттық саясаты туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысына Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі А. Евниевтің баяндамасы

Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Құрметті Үкімет мүшелері!

Министрлік агроөнеркәсіптік кешен өнімдері экспортының көлемін арттыру бойынша шаралар кешенін іске асыруда.
2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімдері мен оның өңделген өнімдерінің экспорты 12,5%-ға (2 123,9 млн. АҚШ долларынан 2 388,5 млн. АҚШ долларына дейін), оның ішінде өңдеу өнімдері 10,7 %-ға (973, 8 млн. АҚШ долларынан 1 077,9 млн. АҚШ долларына дейін) артты.
Бұған Қытаймен, Таяу Шығыс елдерімен, сондай-ақ Еуропалық елдермен ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарды келісу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс ықпал етті.
Экспорттың негізгі көлемі бидайдан (27,7%), ұннан (19,7 %), майлы дақылдардан (10,5 %), арпадан (5,8 %), өсімдік майынан (3,9 %), мақта талшығынан (3,8 %), бұршақ дақылдарынан тұрады.
Негізгі өткізу нарықтары – Өзбекстан (19,7 %), Ауғанстан (19,6 %), Ресей (12 %), Тәжікстан (9,6 %), Қытай (7,5 %), Иран (7,1 %), Қырғызстан (5,3 %), Түркия (3,5 %), Италия (2,6 %), Латвия (2,4 %) елдері болып табылады.
Жалпы, ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының географиясы кеңеюде. Қазіргі кезде Қытай нарығы балық өндірісіне, қой шаруашылығына, ара шаруашылығына және жылқыға, сондай-ақ бидайға, кебек пен қытай бұршағына ашық.
Нәтижесінде Қытайға шығарылатын агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 34,3%-ға ( 134,5 млн. АҚШ долларынан 180,6 млн. АҚШ долларына дейін) өсті. 2017 жылы Қытайға алғаш рет 3,1 млн. АҚШ долл. сомасына 7,7 мың тонна соя бұршағы, сондай-ақ 190,0 мың АҚШ доллар сомасына 228 бас асыл тұқымды жылқының алғашқы партиясы экспортталды. Мұздатылған балықтың, өсімдік майы мен майлы дақылдардың экспорты орта есеппен 3,1 есеге артты.
Иранға тірі қойларды, мұздатылған және салқындатылған қой етін жеткізу бойынша кедергілер жойылды. Нәтижесінде, 2017 жылы Иранға алғаш рет (129,5 тонна) 287,3 мың АҚШ долл. сомасына 4763 бас тірі қой, және 2,8 мың АҚШ долл. сомасына 509,8 тонна қой еті экспортталды.
Сондай-ақ, Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктеріне ірі қара мал және ұсақ мал жеткізуге қойылған шектеу алынды. Бұдан басқа, Біріккен Араб Әмірліктеріне ет пен ет өнімдерін, тауық жұмыртқаларын және ұй құсының етін жеткізудегі кедергілер жойылды. Нәтижесінде, 2017 жылы Әмірліктерге алғаш рет 178,2 мың АҚШ долл. сомасына 34,2 тонна мұздатылған сиыр еті және 133,6 мың АҚШ долл. сомасына 24,1 тонна қой еті экспортталды.
Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есеге арттыру бойынша қойған тапсырмасына қол жеткізу үшін мынадай шаралар қабылдануда.
1. Өткізу нарықтарына талдау жүргізілуде, оның негізінде импорттаушы елдердің талаптарын көрсете отырып, экспорттық нарықтардың және өнімдердің тізілімін бекіту жоспарлануда.
2. Кедергілерді алу және импорттаушы елдердің ветеринариялық және фитосанитариялық талаптарын келісу бойынша жұмыс жалғасуда. Ағымдағы жылы қытай тарапы сиыр етіне, сойылатын ұсақ малға, бір өркешті түйелерге қойылатын ветеринариялық талаптарды және өсімдік шаруашылығының аралас жем (жоңышқа, оның ішінде қайта өңделген), рапс шроты, арпа, жүгері, зығыр, фасоль, бұршақ, мақсары, бақша тұқымдары (асқабақ, қарбыз, қауын тұқымдары) сияқты түрлеріне өнімдерін фитосанитариялық талаптарды келісуді жоспарлауда.
Сондай-ақ Иранмен сиыр етіне және тірі ірі қара малға қойылатын талаптарын келісу жоспарлануда.
3. Мал шаруашылығының және өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту мақсатында етті мал шаруашылығында мал азығы өнімдері өндірісін және егіс алаңдарын әртараптандыруды дамыту арқылы мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
4. Отандық бәсекеге қабілетті қайта өңделген өнімдердің өндірісін ұлғайту үшін қайта өндеу кәсіпорындарын барынша жүктеуді қамтамасыз ету және экспортқа бағдарланған бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға бағдарланған қайта өңдейтін кәсіпорындарды техникалық және технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.
5. Көліктік – логистикалық инфрақұрылымды дамыту мақсатында көтерме – тарату орталықтарын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
АӨК-нің логистика картасы дайындалуда, онда көліктік–логистикалық орталықтардың, тасымалдау қоймаларының, терминалдардың және т.б. қолданыстағы қуаттары да, құрылуы талап етілетіндері де ескерілетін болады.
Дәнді дақылдардың және олардың қайта өңделген өнімдерінің экспортын ұлғайту үшін өзбек – ауған, сондай-ақ түркімен – ауған шекараларында өткізу қуаттарын және қоймаларды салу орындылығы туралы мәселе пысықталуда.
6. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесе отырып, басым елдердегі (Қытай, Иран, Еуропа елдері, Австралия және Канада) Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінде агроөнеркәсіптік кешен мәселелері бойынша өкіл (кеңесші, атташе) құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
7. Экспорт бойынша оның бірыңғай ақпараттық-талдамалық базасын құру бойынша жұмыс жүргізілуде.
2017 жылдың қысқа қорытындысы осындай. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын ұлғайту, нарықты ашу, кедергілерді жою жұмыстары әлі алда.

Назарларыңызға рахмет!

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved