Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық даму мәселелері

Агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық даму мәселелері

Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасымыздың биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылауға арналған «Агроөнеркәсіп кешенінің инновациялық даму мәселелері» тақырыбында брифинг өтті.
Брифингте Қазақстанның АӨК инновациялық дамыту бойынша Елбасының тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстанның аграрлық ғылым алдында тұрған өзекті мәселелер қарастырылды.
Жүйелі түрде туындаған мәселелерді талдау Қазақстанның аграрлық ғылымының стратегиялық мақсаты – агробизнестің қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған ғылыми негізделген және бәсекеге қабілетті өнімді алу (зерттеу, енгізу, жеткізу, консалтинг) болып табылатынын көрсетеді.
«Қазіргі таңда «ҰАҒБО» КЕАҚ білімді, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметтерін таратудың тиімді жолдарын қарастыруда. «ҰАҒБО» КЕАҚ жүйесінде ЖОО мен ҒЗИ базасында инновацияларды енгізуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижесінде (әрі қарай – ҒЗТКЖ) коммерциализациялаудың 12 кеңсесі құрылған. ҒЗТКЖ нәтижесі бойынша сараптама жүргізіліп, 646 зерттемелерден тұратын деректер базасы жасалған», – деп атап өтті «ҰАҒБО» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Асқар НАМЕТОВ.
Мәселен, Қазақстан ауыл шаруашылығы дақылдарының жеке түрлері бойынша әлемдік көшбасшылардан қалар емес. Тек астық дақылдары бойынша 2016 жылы үш астықты аймақтарда 3,5 млн. га отандық сұрыптармен себіліп, олардан шаруа қожалықтары қосымша 3 ц/га, ал жалпы есептегенде 1,05 млн. тонна астық жинаған.
«ҰАҒБО» КЕАҚ құрамында аграрлық технологияларды трасферттеу және коммерциализациялау орталығы (АТТК) жұмыс істейді. Орталықтың негізгі қызметі отандық ғылыми-зерттеу мекемелерінің ғылыми-техникалық нәтижелерін енгізуге бағытталған. Қазіргі таңда Қазақстанда шетелдік инновацияларды енгізу үшін АТТК қызметін кеңейту мәселесі қарастырылуда.
Осы аталған мәселелерді шешу арқылы ғылыми ұйымдардың қызметін ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің қажеттіліктеріне сәйкес өндіріске жаңа технологияларды енгізуге бағытталған зерттеуді дамытуға жол ашады.
Айта кету керек, ҚР Ауыл шаруашылық Министрлігі ғылым және өндіріс арасындағы байланысты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл фермерлер үшін минималды шығындармен инновациялық технологияларды енгізумен айналысатын ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің санын 10%-дан – 25%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Анықтама:
Бүгінгі таңда Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының құрамында 3 аграрлық ЖОО, 31 филиалдары бар 23 ғылыми зерттеу институттары, 7 тәжірибелік шаруашылықтар, 7 селекциялық станциялар, 4 сервистік компаниялар бар.
2017 жылдың 1 қаңтарына ғылыми зерттеулермен айналысатын қызметкерлер саны 4 163 адамды құрады, олардың ішінде 1 392 ғылыми қызметкерлер: 141 ғылым докторлары, 369 ғылым кандидаттары, 11 PhD докторы мен 289 магистрлер.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus