Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Агроөнеркәсіп кешеніне жобалық басқаруды енгізу

Агроөнеркәсіп кешеніне жобалық басқаруды енгізу


Астана қаласында Қазақ агротехникалық университетінің базасында Ақмола облысы бойынша ет өндірісінің зәкірлі кооператив қатысушыларына арналған «Іскерлік ойын» форматында пилоттық оқыту семинары өткізілді. Оған бордақылау алаңдарының басшылары, серіктес фермерлер, облыстық және аудандық әкімдіктердің және қаржы институттары филиалдарының өкілдері қатысты.
4 команданың қатысуымен іскери ойын нақты өндірістік жағдайларды имитациялау негізінде өткізілді. Оңтайландырылған жұмыс әдісінің моделін жасау нақты қатысушылардың әрқайсысына белгілі бір ережелердің шеңберінде рөл атқаруға, шешімдер қабылдауға және қойылған мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік берді. Бір ойынның шеңберінде қатысушылар оңтайлы шешім табу жолдарын іс жүзінде меңгеруге және қолдануға үйрену үшін бірнеше басқару тетіктері мен құралдарын енгізе алды. Әлеуметтік желіде тікелей эфир арқылы ұнаған командаға дауыс беру мүмкіндігі болды. Бұл өз кезегінде, нәтижелерді қорытындылау және жеңімпазды анықтау кезінде ескерілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты агроөнеркәсіптік кешенде өндірістік тиімділікті арттыруға және тәуекелдерді азайтуға арналған жобаларды басқару элементтеріне бағытталды. Ауыл шаруашылық өнімдерін жобалауды басқару нәтижеге бағдарланған басқару жүйесін қалыптастыруды қамтиды және ауыл шаруашылығы өндірушісі мен мемлекеттік орган арасындағы тиімді жұмыс байланыстарын ұйымдастырудан басталады.

Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев шараның негізгі мақсаты агробизнесті заманауи бизнес-процестерге тарту және ашық бизнес-ортаны құру екенін атап өтті. Осындай іс-шараларды өткізу ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің әрқайсысына өздерінің құзыреттілігі мен білім деңгейін айтарлықтай арттыруға, соның ішінде жобалық басқару түсінігін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Осындай іскерлік ойындар тұрақты түрде агроөнеркәсіп кешенінің барлық салалық өкілдерінің қатысуымен өткізіліп тұратын болады.
Аталған шараны өткізу мақсаттарының бірі қатысушылардың (мемлекеттік органдар, бизнес, қаржы институттары) бір-бірімен өзара түсінікті және қол жетімді коммуникациялық қарым-қатынастың тиімділігін көрсету болып табылады. Жобалық басқарудың осындай элементтерін енгізу бірлескен табыстың негізі. Саланы дамытуға жаңа көзқарасты талап ететін, Елбасы Жолдауында көрсетілген агроөнеркәсіптік кешен алдында еңбек өнімділігін түбегейлі ұлғайту және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімі экспортының өсімін 5 жыл ішінде кемінде 2,5 есеге арттыру міндетін орындау болып табылады.

Анықтама:
Ең алғаш рет іскерлік-ойын 1932 жылы КСРО-да Ленинград инженерлік экономикалық институтында (қазір ИНЖЭКОН деп аталады) М. М. Бирштейн ұйымдастырды. 1938 жылы КСРО-дағы іскерлік-ойындары бірқатар ғылыми бағыттардың тағдырына ұшырап, оларға тыйым салынды. Іскерлік ойындардың екінші толқыны АҚШ-та 60 жылдары алғашқы іскерлік ойындардан кейін (1956 ж. С. Абт, К. Гринблетт, Ф. Грей, Г. Грэм, Г. Дюпью, Р. Дюк, Р.Прудхомме және басқалар) басталды.
Іскерлік ойын белгісіздік пен көпфакторлық жағдайында басқару шешімдерін табу құралы ретінде пайда болды. Қазіргі кезде олар жоғары оқу орындарының білім беру үдерісінде, педагогикалық технология ретінде немесе белсенді оқыту әдістерінің бірі ретінде, өндірістік-әлеуметтік және психологиялық мәселелерді шешу үшін өндірісте әлеуметтік-психологиялық дайындықта қолданылады. Іскерлік ойын барысында қатысушылар кәсіби және ойындық тапсырмаларды орындап қоймай, сонымен бірге оқыту және тәрбиелеуге үйретеді. Компьютерлік технологияларды дамыту типтік іскерлік ойындардың компьютерлік ұқсастықтарын және күрделі компьютерлік ойындардың (капитализмнің) жаңа классын құруға әкелді, сондай-ақ жаңа көп ұрпақты генерациялау және өткізу үшін қоршаған ортаны білдіретін көпмақсатты бизнес-модельдерді (Virtonomica) онлайн-іскери ойындар және қашықтықтан оқыту жүзеге асырылды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved