Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қаржы қызметінің төлемдер жүйесін кеңейтті

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қаржы қызметінің төлемдер жүйесін кеңейтті

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «ҚазПошта» АҚ бөлімшелері арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қаржы қызметінің төлемдер жүйесін кеңейтті.

компанияда хабарлағандай, бұл туралы моморандумға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы Гүлнәз Атамқұлова мен «ҚазПошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин қол қойды.

Құжаттың негізгі мақсаты – агроөнеркәсіп кешенін кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы несиелеудегі қызмет түрлерін ауыл тұрғындарына қол жетімді ету. Меморандум аясында тараптар «ҚазПошта» АҚ облыстық, қалалық, аудан орталықтары мен қала аудандарындағы бөлімшелерінде кредиттік серіктестіктерге есептік кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға келісім жасасты.

«Бұл құжаттардың нәтижесінде енді ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өзі тұратын ауылды мекеннен аудан орталығына бармай-ақ, «Қазпоштаның» барлық облыс пен республиканың кез келген аудан ауылдарындағы бөлімшелері арқылы қарыздарын өтеулеріне болады. Осылайша, несиені өтеудің механизмдері агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін жайлы бола бастады»,- деді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы Гүлнәз Атамқұлова.

Г.Атамқұлованың атап өткеніндей, Корпорация қызметінің маңызды бағыты – кредиттік серіктестіктер арқылы өздерінің қатысушылары болып табылатын шағын және орта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне несие қаражаттарын беру. Осы қаржының арқасында кредиттік серіктестік мүшелері өздеріне қажет жаңа техниканы сатып алу мен қатар түрлі нысандарды қайта жөндеуден өткізіп, айналым қаражатын толтыра алады.

Сондай-ақ, ҚазПошта» АҚ мен «Агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестіктер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында өзара меморандум жасалды. Болашақта Қауымдастық өз тарапынан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ұсынылған қызмет түрінінің шарттарын түсіндіретін болады.

Источник: https://strategy2050.kz/news/35733/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus