Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Аграрлық ғылымның АӨК бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосқан үлесі

Аграрлық ғылымның АӨК бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосқан үлесі


Орталық коммуникациялар қызметінде Елбасымыздың биылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын талқылауға және іске асыру шараларына арналған «Аграрлық ғылымның АӨК бәсекеге қабілеттілігін арттыруға қосқан үлесі» тақырыбында баспасөз маслихаты өтті.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында аграрлық секторға ерекше көңіл бөлінген. Ауыл шаруашылығы саласын экономиканың драйверіне айналдыру тапсырылды. Агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында, сондай-ақ АӨК-ні дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру үшін Министрлік ауыл шаруашылығының басым бағыттарын дамыту және АӨК-ні мемлекеттік қолдауды жетілдіру карталарын әзірледі.
Сонымен қатар өндірістің, білім мен ғылымның тығыз интеграциясы негізінде агроөнеркәсіптік кешенді жылдамдатып инновациялық дамытуға бағытталған аграрлық ғылымды жаңғырту картасы да әзірленуде.
Қазақстанның аграрлық ғылымында өсімдік пен мал шураушылығында кең қолданылатын өзінің бәсекеге қабілетті жетістіктері бар. Қазіргі таңда қолдануға жарамды қазақстандық селекциясының 160 сорт пен будандар (25 дақылдар түрі), соның ішінде 39 картоп сорты, 103 – бақша дақылдары және т.б.
«Біздің ҒЗИ генетика, физиология және биотехнолгия әдістерін қолдану арқылы бірнеше технологиялар әзірленген. Мәселен, Қарабалық тәжірибелік стансасының «Герда» күздік жұмсақ бидай сорты. Бұл сорт жоғары аязтөзімділігімен ерекшеленеді, өсімдіктің көктеуі қарсыз күзгі суықта -17 °С дейін төзімді», – деп атап өтті «ҰАҒБО» КЕАҚ Басқарма Төрағасы Асқар НӘМЕТОВ.
Қазіргі таңда «ҰАҒБО» КЕАҚ білімді, ғылыми-техникалық қызмет нәтижелері мен ғылыми-зерттеу ұйымдарының қызметтерін таратудың тиімді жолдарын қарастыруда. «ҰАҒБО» КЕАҚ жүйесінде ЖОО мен ҒЗИ базасында инновацияларды енгізуге бағытталған ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар нәтижесінде (әрі қарай – ҒЗТКЖ) коммерциализациялаудың 12 кеңсесі құрылған. ҒЗТКЖ нәтижесі бойынша сараптама жүргізіліп, 646 зерттемелерден тұратын деректер базасы жасалған.
Бүгінде бәсекеге лайықты және ең қажетті деген 82 жобаның базасы жинақталған. Аталмыш әзірлемелер коммерциализацияға және таратуға дайын дайын.
Айта кету керек, ҚР Ауыл шаруашылық Министрлігі ғылым және өндіріс арасындағы байланысты қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл фермерлер үшін минималды шығындармен инновациялық технологияларды енгізумен айналысатын ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің санын 10%-дан – 25%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
Анықтама:
Бүгінгі таңда Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының құрамында 3 аграрлық ЖОО, 31 филиалдары бар 23 ғылыми зерттеу институттары, 7 тәжірибелік шаруашылықтар, 7 селекциялық станциялар, 4 сервистік компаниялар бар.
Ғылыми зерттеулермен айналысатын қызметкерлер саны 4 163 адамды құрады, олардың ішінде 1 392 ғылыми қызметкерлер: 141 ғылым докторлары, 369 ғылым кандидаттары, 11 PhD докторы мен 289 магистрлер.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика