Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін қалай арттырамыз?

Аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін қалай арттырамыз?



ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысы жұртшылығымен кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының басты басымдықтарын баяндай отырып, АШМ алдында тұрған міндеттерді атап өтті.

Ең алдымен, еңбек өнімділігін арттыру және өндірістік шығындарды азайту керек.

Сондай-ақ, өндірісте сұранысқа ие аграрлық ғылымға инвестицияларды ұлғайту керек.

Ғылыми зерттеулерді қаржыландыру аграрлық құралымдардың сұранымдарына байланыстырылатын болады. Бұл ретте бизнес тарапынан қоса қаржыландырудың болуы бюджеттік қаржыландырудың міндетті шарты болып табылады.

Алматы қаласындағы Ұлттық аграрлық университет пен Астанадағы Агротехникалық университет базасында екі аграрлық орталық құру жөніндегі жұмыс басталды (аграрлық орталықтарға қаражат қажеттілігі – 8,2 млрд. теңге, 23 ғылыми-зерттеу институты – 1220 ғылыми кадр, 4 тәжірибе-өндірістік шаруашылық).

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика