Сброс
[ A+ ] / [ A- ]

«Аэротүсiрiлiм жұмыстарын тiркеу, есепке алу және жүргізуге рұқсат беру»

«Аэротүсiрiлiм жұмыстарын тiркеу, есепке алу және жүргізуге рұқсат беру»

Көрсетілетін қызметті  алушылар

Жеке және заңды тұлғалар

Көрсетілетін қызметті ұсыну орны (осы қызмет көрсетілетін орындарды таңдау)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті
Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, тел. 8 (7172) 555842
немесе«электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz

Көрсетілетін қызметтің құны

тегiн көрсетіледі

Қызметті көрсету мерзімі

көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күннен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 25 (жиырма бес) жұмыс күні

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті берушіге:
1) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;
3) азаматтық әуе кемесімен аэротүсірілім жұмыстарының қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі (көрсетілетін қызметті алушы шарттың көшірмесін және салыстырып тексеру үшін шарттың түпнұсқасын ұсынады);
4) географиялық координаталарын көрсете отырып, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған аумақтың картограммасы, төрт данада;
5) жоспарланып отырған аэротүсірілім жұмыстарының техникалық жобалары (немесе техникалық тапсырмалары), екі данада.
порталда:
1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) азаматтық әуе кемесімен аэротүсірілім жұмыстарының қызметтерін көрсетуге арналған шарттың электрондық көшірмесі;
3) географиялық координаталарын көрсете отырып, аэротүсірілім жұмыстарын жүргізу жоспарланып отырған аумақ картограммасының электрондық көшірмесі;
4) жоспарланып отырған аэротүсірілім жұмыстарының техникалық жобаларының (немесе техникалық тапсырмаларының) электрондық көшірмесі.

Қызметті  мемлекеттік орган, ХҚКО арқылы көрсету

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

Қызметті портал арқылы көрсету

www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі

аэротүсірілім жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру

 

Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына не Министрлік басшысының атына мына
мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Оң жағалау, Кенесары көшесі, 36, тел. 8 (7172) 555-842.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алатын мерзімін және орнын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы өтініш жасаған кезде шағым беру тәртібі туралы ақпаратқа Бірыңғай байланыс орталығының телефоны 8-800-080-7777 немесе 1414 арқылы қол жеткізуге болады. Шағымды портал арқылы жөнелту кезінде көрсетілген қызметті беруші өтініштерді өңдеу барысында жаңарып отыратын өтініш туралы ақпаратқа көрсетілген қызметті алушының «жеке кабинеті» арқылы қол жеткізуге болады (жеткізу, тіркеу, орындау туралы белгі, қарастыру немесе қарастырудан бас тарту туралы жауап).
Шағымда: 1) жеке тұлға – оның тегі, аты, әкесінің аты, пошталық мекенжайы; 2) заңды тұлға – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижесі туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
2. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

«Аэротүсірілім жұмыстарын тіркеу, есепке алу және жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus