Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ағымдағы жылғы 8 ай ішінде мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы мөлшері 1072,2 млрд. теңгені құрады

Ағымдағы жылғы 8 ай ішінде мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы мөлшері 1072,2 млрд. теңгені құрады

1470

Статистикалық мәлімет бойынша ағымдағы жылғы 8 ай ішінде мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы мөлшері 1072,2 млрд. теңгені құрады.

2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда шаруашылықтардың барлық санаттағы өндірісі ұлғайды, оның ішінде, сойыс салмағы 3,1% (560,2 мың тонна), сүт – 3,3% (3 781,3 мың тонна), жұмыртқа – 0,4% (3 185,1 млн. дана) құрады.

Агроқұрылымдарда өнім өндірісінің айтарлықтай өсімі байқалуда. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айына дейін ет өндірісі 7,8% (229,7 мың. тонна), сүт – 15,8% (843,5 мың. тонна), жұмыртқа – 0,1% (2 289,9 млн. штук) артты.

Айта кетсек, қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК дамыту бойынша ЖШҚ әлеуетін пайдалануда. Аталған жоба ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға бағытталған.

3 жыл ішінде (2016-2018 жж) 75 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ету жоспарлануда.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus