Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақтөбелік кәсіпкер ауылдастарымен кооператив құрып, ісін дөңгелетіп отыр

Ақтөбелік кәсіпкер ауылдастарымен кооператив құрып, ісін дөңгелетіп отыр

Бүгінгі таңда сүт қабылдау пункттер желісі бойынша біріккен кооперативтерге ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен КазАгро тарапынан несие және лизинг ұсынылып жатқаны белгілі. Бұл шаралар жеке қосалқы шаруашылықтарын дамытуға ынталы жандар үшін айтарлықтай мүмкіндіктер туғызып отыр. Сондай көмек алып, ісін дөңгелетіп отырған кәсіпкерлердің бірі – Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Қосістек ауылының тұрғыны Еркін Өтегенов.

«Мен сүт жинау ісін 2007 жылдан бері жүргізіп келемін. Ауылымызда 250 аула бар. Бәріміз де мал шаруашылығымен айналысамыз. Биылғы жылдың сәуірінде ауылдастар болып, бас қосып, «Қосістек» ауыл шаруашылығы кооперативін құрдық. Қазір біздің иелігімізде 4 тоннаға дейін сүт салқындату мүмкіндіктеріне ие модульдік сүт қабылдау пункті бар», – дейді Е.Өтегенов.

Оның айтуынша, сүт қабылдау пункті сүтті қабылдау, тазарту, салқындатуға арналған және олар өз өнімдерін тұрақты түрде сүт өңдеуші цехқа тапсырып отырады.

«Біз күн сайын қайта өңдеу үшін Ақтөбе қаласындағы «Молочные истории» ЖШС-на табиғи сүт тапсырып отырамыз», – деп толықтарады ол.
«Жуырда біз «Ақтөбе ауыл микрокредит» ұйымына хабарласып, несие сұрадық. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында ойлаған соммамызды алдық. Бүгінде бұл қаражатты кооператив тәулігіне 500 литр өндірістік қуаты бар сүтті қайта өңдеу цехын құруға бағыттады. Яғни, сүтті пастерлеу, сүзбе, май, айран, ірімшік және т.б. өндіретін боламыз», – деп тұжырымдады кәсіпкер.

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта тәулігіне 8 тонна сүт қабылдап, тапсыру мүмкіндігін жоспарлап отырғандарын атап өтті және де осындай мемлекет тарапынан қолдаулардың ауыл тұрғындарының өз ісін дамытуына қолайлы жағдай жасайтынын айтты.

Айта кетейік, бұл қолдаулар Елбасының тапсырмасына сәйкес жаппай кәсіпкерлікті дамытуды жандандыру және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және қайта өңдеу кәсіпорындары қуаттылықтарының жүктемесін арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.

Ағымдағы уақытта Республика бойынша жұмыс істеп тұрған сүт зауыттарының жүктемелігі 64% құрайды. Қолданыстағы қуаттылықтары қосымша 680 мың тонна сүт өндеуге мүмкіндігі бар. Алдын ала болжам бойынша ЖҚШ сүт зауыттарына 1,3 млн. тоннадан астам сүт жеткізуге дайын.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus