Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақтөбеде консерві цехы іске қосылады

Ақтөбеде консерві цехы іске қосылады

Ақтөбе қаласында 30 тамыз күні «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландыруымен «Айбек» ауылдық тұтыну кооперативінің кешенді ет комбинатында консерві шығаратын цехты іске қосу жоспарланған. Бұл шара Қазақстан Республикасы Конситуциясы мерекесі күніне орайластырылған.

Консерві цехы бір ауысымда 5 мың қалбырда бұқтырылған жылқы, сиыр қой етімен қатар, ботқа және басқа да тағам өнімдерін шығаратын болады. Аталған цех аймақтағы консераві өнімдеріне деген сұранысты қамтамасыз етумен бірге, нарықтағы қазақстандық өнімдердің артуына және Ақтөбе облысындағы етті қайта өңдеу өндірісін дамытуға өз үлесін қосатын болады.

2008 жылы Корпорация бірінші кезекте ет комбинатының мал соятын цехын ашуға қаржы берген болатын. Алдағы жоспарда сондай-ақ, шұжық цехын іске қосу жоспарланған. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ет комбинатын дамытуға үшін жалпы көлемі 300 млн. теңгеден аса несие берді. Жобаны іске асыру аясында 50 ге тарта жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, 2001 жылы ҚР Үкіметі қаулысымен құрылған компания. Негізгі мақсаты – аграрлық саланы Қазақстан Республикасы агроөнеркәсіпкешені субъектілерін қолжетімді несиелеу жүйесін дамыту арқылы индустриаландыру және әртараптандыру. «ҚазАгро» Ұлтық басқарушы холдингінің құрамына кіреді.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика