Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақтөбе облысының бруцеллез ауруы бойынша жағдайы

Ақтөбе облысының бруцеллез ауруы бойынша жағдайы

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінде Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төраға орынбасарының қатысуымен Ақтөбе облысындағы ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша эпизоотиялық ахуалы туралы брифинг өтті.

Ағымдағы жылы Темір, Мәртөк, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарында бруцеллез ауруының пайда болуы байқалды.

Бұл жағдай Ветеринариялық комитеттің тұрақты бақылауында, тұрақты мониторинг және сауықтыру шаралары жүргізілуде.

Ақтөбе облысы бойынша анықтама:
Бруцеллез ауруы бойынша 14 қолайсыз пункт тіркелген (МІҚ -12, МҰМ-2) (Темір, Мәртөк, Байғанин, Қобда, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандары мен Ақтөбе қаласы), Өткен жылы дәл осындай уақытта 20 қолайсыз пункт тіркелген (16 ошақ МІҚ бойынша 4 ошақ ҰҚМ).

Ақтөбе облысы сарып ауруына тексерілуі:
МІҚ малдары бойынша 515 035 қан сынамасы тексеріліп 0,7% оң нәтиже берген.
МҰМ малдары бойынша 1 418 737 қан сынамасы тексеріліп 0,12% оң нәтиже берген.
Сарып ауруына он нәтиже берген санитарлық союға жіберілді.

Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай міндетті залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу кезінде орташа айлық нарықтық құнын өтеу жануардың бір басы және жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың бір кг (литр, ондық) есебімен орташа айлық нарықтық құнының 30 % мөлшерінде жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады, ал орташа айлық нарықтық құнының қалған бөлігін (70 %) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі ұйым төлейді.
Ойыл ауданы бойынша:
Сарып ауруы бойынша 2 қолайсыз пункт тіркелген (МІҚ-2 арасында), (Ойыл а/о, Қараой а/о). Соның ішінде қан сынамасы тексеріліп 1 сынама оң әсер берген, 1 бас жойылған.

ҚР АШМ Қоғаммен
байланыс департаменті

+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved