Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақтөбе облысы жылдағыдан 2 есе көп астық жинап жатыр

Ақтөбе облысы жылдағыдан 2 есе көп астық жинап жатыр

Ақтөбе облысында бірнеше жылдан кейін егін бітік шықты. Биыл шаруалар бұған дейінгі құрғақшылық шығындарының орнын толтыратын болды.
Ақтөбелік диқандар биыл астық молынан болғанына таңғалып отыр. Облыс бойынша орташа көрсеткіш – әр гектардан 12 центнер. Ауыл шаруашылығы басқармасының ақпаратына сәйкес, мұндай өнім бірнеше жыл бойы болмаған.

«Егіншілер жыл сайын әр гектардан 6 центнер жинайтын. Биыл қоймаға 2 есе бидай өткіземіз», – деді облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жер бөлімінің маманы Диас Ерғалиев.

Ауа райының қолайлы болуы мол өнім алуға септігін тигізді. Биыл қыс пен көктемде жауын-шашын көп жауды. Ауа райы жаздың басында да ылғалды болды.
Астық жинауды тамыздың басынан бастадық. Бүгінде 85% -ы – 300 мың тоннадан аса бидай жиналды. Бұл науқан 5 қазанда аяқталады.

Мамандар жинауға байланысты ешқандай проблема жоқ деп отыр. Тіпті, шаруалар жанар-жағармайды жеңілдікпен – литрін 84 теңгеден алыпты. Астықты жинауға 1700 техника жұмылдырылды.

Дерек көзі :http://bnews.kz/kz/news/ekonomika/apk/aktobe_oblisi_mol_astik_zhinaidi-2016_09_26-1291611


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus