Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттациялау

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттациялау


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастықтарын аккредиттациялау өткізілетінін хабарлайды.

Аккредиттация «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 33-1-бабында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыруға аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарының өкілеттіктерін қуаттау үшін жүргізіледі.
Тіркеуге өтініш пен құжаттар осы хабарландыру жарияланғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы
4 ақпандағы № 83 қаулысымен бекітілген Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктері республикалық қауымдастықтарын аккредиттациялау қағидаларына сәйкес қабылданады.
Аккредиттациялау туралы куәлік беру немесе аккредиттациядан бас тарту туралы аккредиттациялау органының шешімі өтініштер мен құжаттар қабылданған сәттен бастап 15 жұмыс күні ішінде қабылданады.
Аккредиттациялауға қатысуға өтініш пен құжаттар мына мекенжай бойынша ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне беріледі:
Астана қаласы, Мәңгілік Ел көшесі, 8, «Министрліктер үйі»,
№ 1 кіреберіс, 4-қабат, 402-кабинет.
Аккредиттеу туралы ақпарат пен анықтаманы тел: 74-99-22
е-майл: abdrakhmanov.a@minagri.gov.kz, erdeshev.t@minagri.gov.kz байланыс жасаушы тұлға Талғат Ошантайұлы Ердешев, Асқар Оразбайұлы Әбдірахманов арқылы алуға болады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus