Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақпарат

Ақпарат

1

Осы жылдың 27 қазан күні, «Охотзоопром» ӨБ РМҚК-ның кызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс- шара барысында, Батыс Қазақстан облысында Жаңғалы ауданының Мастекей елді мекенінің қасында «Нива» автокөлігі тоқтатылып тексерілген, автокөлікте жоғарыда көрсетілген елді мекеннін тұрғындары болған.

Тексеру барысында киіктің шабылған бастары, 3 дана киік мүйізі, 16 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық, 16 калибрлі 36 дана оқ-дәрі, пышақ табылды.

Қазіргі уақытта браконьерліктің осы фактісі бойынша жинақталған айғақтық заттар мен құжаттар құқық қорғау органдарына жіберілген.

Сонымен қатар ескерте кететін жайт, киікті табиғи ортадан заңсыз алғаны үшін мүлікті тәркілеумен 5000 дейiнгi АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл салуға немесе 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру арқылы жазаланады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus