Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А.Мырзахметов: Жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуеті кеңінен пайдаланылады

А.Мырзахметов: Жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуеті кеңінен пайдаланылады


Төрт түліктен алынған өнім қайта өңделмей жатыр.

Себебі өнімді әзірлеп, оны өткізу мәселелері әлі дұрыс шешілмеген. Нәтижесінде еліміздің қайта өңдеу кәсіпорындары 60%-ға ғана жүктелуде. Бүгін Қостанайда Үкімет басшысының төрағалығымен өткен кеңесте Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов осылай деді. Министрдің айтуынша, ведомство ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, жеке қосалқы шаруашылықтардың әлеуетін пайдалану арқылы қайта өңдеу кәсіпорындарын толық қуатында жүктей бастады. Министр өз сөзінде Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында өз-өзін жұмыспен қамтып отырған 280 мың тұрғын бар екенін жеткізді.

Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі:

– Осыны ескере келе, екі бағытты қолға алуды көздеп отырмыз. Селолық кооперациясы орталықтандырылған түрде жұмыс істеу үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізудің басты шарттары сүт қабылдау пункттері мен отбасылық шағын мал бордақылау алаңшаларын ашу болып саналады. Бұған қосымша жүн мен тері және жанұялық құс өсіру, балық шаруашылығы, бал өсіруді көптеп қолға алмақпыз.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus