Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А.Мырзахметов жайылымдық мал шаруашылығын дамыту мәселелерін кешенді түрде қарастыруды тапсырды

А.Мырзахметов жайылымдық мал шаруашылығын дамыту мәселелерін кешенді түрде қарастыруды тапсырды


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов селекторлық режимде Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы саласының жай-күйі мен проблемалық мәселелерін қарады.

Ведомстваның басшылық құрамымен бірге осымен сегізінші өңірдің аграрлық даму әлеуеттерін таразылаған министр көпшілік сұрауына орай жайылымдық мал шаруашылығы мамандарын ынталандыра түсу үшін жұмыс өтіліне қарай бюджет есебінен төлем қарастыру мен оларға тұрғын үй салу, сондай-ақ, арнайы және жоғары ЖОО-да балаларына гранттар бөлу мәселелерін сөз етті.

«Жайылымдық мал шаруашылығы, оның ішінде, қой шаруашылығы елді мекендерден жырақта, тиісті әлеуметтік-тұрмыстық шарттарсыз, қиын жағдайда жүргізіледі. Сондықтан да, бұл саланы кадрмен қамту және іріктеу мәселесі өткір тұр. Өз кезегінде, біздің Министрлік ахуалды оңғаратын барлық бастамаларды қолдайды және түйткілді Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірлесіп шешетін болады», – деп атап өтті А.Мырзахметов.

Бұл орайда, облыстағы ауыл шаруашылығы өнімдеріне қосылған құн салығы мәселесі де қозғалды.

Аймақ өкілдерінің мәлімдеуінше, қазіргі уақытта өндіріс көлемін сақтау мен тамақ өнімдерін сату үшін 50% шегінде ҚҚС (12%) төмендету немесе мөлшерлемесін 6%-ға дейін жеткізу керек.
Алайда, ауыл шаруашылығы өкілдері салық салу мәселесінің Ұлттық экономика министрлігінің Салықтық-кеден кодексі жұмыс тобының отырысы аясында қаралатынын атап өтті. Соған қарамастан, Министрлік барша құзырлы органдарға сауал жолдап, сұрау салатын болады.

Сонымен қатар, қатысушылар бюджет қаражатын жалпы сипаттағы трансферттік бағдарламалар аясында қолдануды жетілдірудің жолдарын талқыға салып, бірқатар ортақ шешімдерге келді және жауапты сала жетекшілері ШҚО ауыл шаруашылығы құрылымдары түзген мәселелер тізбесі бойынша министрден тапсырмалар алды.

Айта кетейік, жиынға Ауыл шаруашылығының вице-министрлері мен ведомствалық комитеттер мен департаменттер басшылары, ШҚО әкімінің орынбасары мен ауыл шаруашылығы құрылымдарының қызметкерлері және де «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ еншілес ұйымдарының өкілдері қатысты.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus