Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне А.Мырзахметов Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының фермерлерімен кездесті

А.Мырзахметов Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының фермерлерімен кездесті

Қазақстан фермерлері биыл да субсидия алатын болды.

Ақмола мен Солтүстік Қазақстан облыстарына барған Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов осылай деді. Аграрлы аймақтарды аралаған ол жергілікті фермерлермен кездесіп, олардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, «24 KZ» арнасының тілшісі:
– Бұл Солтүстік Қазақстан облысындағы егін және мал шаруашылығын қатар алып жүрген шаруашылықтардың бірі. Соның арқасында 100-ден астам ауыл тұрғыны қысы-жазы тұрақты жұмыспен қамтылды. Бүгінде мұнда 3200 симментал сиыры бар. Оның сүті де, еті де өнімді.


Асқар Мәдиев, серіктестіктің бас директоры:
– Жылына асылтұқымды 500 мал тірідей және 200-250 тонна ет сатылады. Күніне 10 мың литрге дейін сүт сауамыз. Оның әр литріне 37 теңге субсидия беріледі. Сонымен қатар біздің бұқаны сатып алушы 154 мың теңге демеуқаржы алады.

Қазақстанда көктемгі дала жұмыстары қыза түсті. Диқандар қауымы 18,4 млн гектар жерге дән сеуіп жатыр. Министр Асқар Мырзахметов Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында болып, ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде кеңес құрды. Фермерлерді субсидия бөлу мәселесі мазалап отыр.

Асқар Мырзахметов, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
– Гектар бойынша берілетін субсидия бойынша бәрін басқа субсидияға ауыстыру үшін оны тоқтатқан болатын. Ал енді оны басқа субсидияға беру үшін алдымен заңнаманы өзгертуіміз керек. Ол жұмыс бүгінгі таңда жүріп жатыр. Ол жұмыстың аяқталуы заңнама болғаннан кейін оңай шаруа емес. Оның өз ережесі, өз мерзімі бар. Күз айларында заңнама толық қабылданып, біту керек. Сондықтан егер ол күзге дейін дайындалатын болса, мына ақшаны байлап қоймай, сол бұрынғы миханизм бойынша оны беру жөнінде қазір шешім қабылданған.

Ауыл шаруашылығы министрі Ақмола аймағының агроқұрылымдарын аралап, олардың тыныс-тіршілігімен танысты. Жұмыс сапары Қостанай облысында жалғасты.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов, Дмитрий Рура

Источник: http://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/121632-oblystaryny-fermerlerimen-kezdesti

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus