Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А. Мырзахметов: Тиімді дәнді дақылдарға көшу қажет

А. Мырзахметов: Тиімді дәнді дақылдарға көшу қажет

Бүгін Қостанай облысының шаруаларымен өткен кездесуде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Аскар Мырзахметов жаңа мемлекеттік бағдарламада қарастырылған өсімдік шаруашылығы саласынының тиімділігін 40 %-ға көтеру шаралары туралы мәлімдеді.

«Жаңа бағдарлама аясында егіс алқаптарын әртараптандыру жалғастырылатын болады. Бидай алқаптары 2,3 млн. гектарға дейін қысқартылады. Босатылған алқаптарға арпа, сұлы, жүгері және майлы дақылдары егіледі. Біздің тарапымыздан егіс алқаптары өңірлер мен дақылдар кесімінде есептелді»,- деді Асқар Мырзахметов.

Сонымен қатар, Вице-Премьер мемлекеттік бағдарламада тыңайтқыштар мен сапалы сұрыпты тұқым алу мәселесіне ерекше көніл бөлініп отырғанын айтты.

«Субсидия көлемін ұлғайту жоспарлануда. Атап айтқанда, шетелдік тыңайтқыштардың түрлеріне берілетін субсидияны 30%-дан 50%-ға дейін жоғарылату арқылы тетіктерін жетілдіру, тыңайтқыштар өңдірушілер мен әкімдіктер арасында тыңайтқыштарды жеткізу және қамтамасыз ету бойынша меморандум бекіту көзделуде», – деп атап өтті ол.

Сапалы тұқым сұрыптарын пайдалануды ұлғайту үдерісі тұқымды сатып алу нормаларына сәйкес бірінші репродукциядан төмен болмайтын тұқымды субсидиялау және элиталық субсидиялауға өту арқылы жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар кездесу барысында А. Мырзахметов ауыл шаруашылығы техникалары жайлы айтып өтті.

«Ауыл шаруашылығы техникасы паркін және құрал-жабдықтарының жаңартылуын жылдамдату инвестициялық субсидиялар (инвестиция салудан 25 %-ы ) және несие мен лизингті пайыздық мөлшерлеме бойынша субсидиялау арқылы жүзеге асырылатын болады. Сонымен қатар, «КазАгро» ҰБХ-нің ауыл шаруашылығы техникасын жән құрал-жабдықтарына берілетін несиелік бағдарламаларына қорландыруды ұлғайту жоспарлануда. Осыған байланысты ТМД және ҚХР шығарылатын және бір бөлігі Қазақтанда локализацияланатын қымбат емес ауыл шаруашылығы техникалары мен құрал жабдықтарына басымдық берілетін болады. Қазіргі таңда Ресей және Беларусия ауыл шаруашылығы техникаларын шығарушылармен Қазақстанда толық қанды өндіріс құру бойынша келісім жасалды», – деді А.Мырзахметов.
Айта кетейік, Вице-Премьер-Министр Аскар Мырзахметов АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру мақсатында аймақтарға іс-сапарын жалғастыруда.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus