Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А.Мырзахметов: Тұтынушылар жалған азық өнімдерінен хабардар болуы керек

А.Мырзахметов: Тұтынушылар жалған азық өнімдерінен хабардар болуы керек

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында жасанды азық өнімдері мәселесін көтерді.

«Қазіргі таңдағы ірі мәселе – жасанды, жалған азық өнімдері болып отыр. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мониторингі нарықтағы өнімнің 15%-ның осы қатарға жататынын анықтады», – деді ол.

Министрдің айтуынша, осының салдарынан, табиғи шикізатпен жұмыс жасайтын және қауіпсіздік бойынша барлық талаптарды сақтайтын өндірушілер бұрмаланған өнімдерге қарағанда бәсекеге қабілетсіз болып шығады.

«Мұндағы аса маңызды тұс – тұтынушыларды хабарландыру. Сатып алушылар табиғи майдың 1 500 теңгеден кем болмайтынын білуге тиіс. Ал арзан болған сайын күмән көп, яғни, спрэд десе де болады. Сүт қаншалықты ұзақ сақталса, соншалықты ағзаға да пайдасы болмайды. Табиғи сүттен әзірленген ірімшіктің де 2 000 теңгеден төмен болуы мүмкін емес. Мұздатылған құс етінің неге арзан болатыны да түсінікті болса керек», – деп атап өтті А.Мырзахметов.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus