Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А.Мырзахметов: Субсидияларды беру үдерісі 7 күнге дейін қысқарады

А.Мырзахметов: Субсидияларды беру үдерісі 7 күнге дейін қысқарады


ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысы жұртшылығымен кездесу барысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауының басты басымдықтарын баяндады.

Қазақстанды Үшінші жаңғырту жөніндегі міндеттерге қол жеткізу үшін Президент 5 негізгі басымдықты ұсынды.

Олардың бірі: «Экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы».

Мұнда Президент Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырды. Аталған индустрияларды дамыту экономика құрылымын түбегейлі өзгертуге, дәстүрлі салаларды, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешенді жаңа сапаға көтеруге ықпал етеді.

Агроөнеркәсіптік кешенде де цифрлық технологияларды енгізу жөніндегі жұмыстар жүргізілуде. Ол субсидияларды автоматтандыру процесіне енгізіледі.

Ағымдағы жылы үш бағыт (пайыздық мөлшерлеме, тыңайтқыштар, гербицидтер) бойынша толық автоматтандыру іске асырылады. Келесі жылы барлық субсидияларды беру процесін автоматтандыруды жоспарлап отырмыз. Бұл өтінімдерді қарау мерзімін орташа есеппен 2,5 есеге (18 күннен 7 күнге дейін) қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл субсидия беру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін де төмендетеді.

Бұдан бөлек, өзге де қызметтерді автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus