Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А.Мырзахметов: Өсімдік шаруашылығы саласына берілетін субсидия түрлері өзгереді

А.Мырзахметов: Өсімдік шаруашылығы саласына берілетін субсидия түрлері өзгереді

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қостанай облысында еліміздің аграрилерімен бірге өткен жиналыста өсімдік шаруашылығы саласына берілетін субсидия түрлері туралы хабарлады.

«Қолданыстағы жүйе бойынша жеміс-жидек пен жүзім шаруашылығына гектарлық субсидиялау беру жоспарлануда (9,3 млрд. теңге). 6,3 млрд. теңгені бақтар мен жүзім, жеміс-жидек шаруашылығына инвестициялық субсидия бөлуді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге, субсидия алушылар санын 523-ке дейін көбейтуді көздеп отырмыз. Қалған 3 млрд. теңгені құрама жем, күрішті өңдеу, майлы дақылдарға, қант өңдеу, сірне және шитті мақта салаларын субсидиялауға бөлеміз»,- деді А.Мырзахметов.

Сонымен қатар, гектарлық субсидиялау бойынша 30,4 млрд. теңге дәнді-дақылдар, бұршақ дәнді-дақылдары, қант қызылшасы, картоп, мақта және бақша дақылдарына бөлінеді. Вице-Премьер – Министр А.Мырзахметов көрсетілген сомадан 23,3 млрд. теңгені құрама жем, күріш, майлы дақылдарға, қант өңдеу, шитті мақта салаларын субсидиялауға бөлуді ұсынып отыр.

«4 млрд. теңге тұқым шаруашылығын субсидиялауға бөлінеді. Қалған 3,1 млрд. теңге гектарлық субсидиялау бойынша мал азығы дақылдары мен қайта өңдейтін кәсіпорындардың бағаларына бөлінеді»,- деді А.Мырзахметов.

Бұдан басқа, 1 га көкөністі субсидиялау бойынша бөлінетін 4,8 млрд. теңгені мына есеппен бөлу қарастырылған: 1,7 млрд. теңгені тұқым өсіру шаруашылығына, қалған 3,1 млрд. теңгені өнеркәсіптік жылыжай шығындарына бөлу қарастырылған.
«Осылайша, субсидия бөлудің басты тиімділігі – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері санының 5000-ға дейін көбеюін қамту, қайта өңдейтін кәсіпорындардың жүктілігін арттыру, тұқым сапасы мен өндіру көлемін арттырудан көрінбек»,- деді Вице-Премьер – Ауыл шаруашылығы министрі.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus