Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А.Мырзахметов шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне жаңа Мемлекеттік бағдарламаны таныстырды

А.Мырзахметов шетелдік дипломатиялық корпус өкілдеріне жаңа Мемлекеттік бағдарламаны таныстырды

5 сәуірде ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов және Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстандағы дипломатиялық корпус және халықаралық бизнес қауымдастығы өкілдеріне бірлескен жиын өткізді.

Өткізілген іс-шараның мақсаты – Елбасы тапсырмасына сәйкес жасалаған ҚР Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты мен міндеттерімен шетелдік әріптестерді таныстыру.

Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов өз сөзінде АӨК-ті дамытудағы экспорттық және инвестициялық бағыттарда екі ведомствоның қызметтерін қосу және бағыттау үшін ҚР АШМ мен ҚР СІМ арасындағы қол қойылған бірлескен іс-шаралар жоспары туралы айтып өтті. Сонымен қатар, министр жаңа жаһандық даму кезеңінде Қазақстанда агроөнеркәсіптік сектордың қарқынды дамуына ерекше назар аударылып отырғандығын айтты.

ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов өз сөзінде дипломаттар мен халықаралық бизнес қауымдастығы өкілдеріне жаңа Мемлекеттік бағдарламның іске асырылуына белсенді қатысуға шақырды.

Сонымен қатар, Қазақстанға Еуразияда «нан кәрзеңкесі» және экологиялық таза тамақ өнімдерін өндіру бойынша ірі өндірушілердің бірі болуға барлық мүмкіндіктің бар екендігін атап өтті.

«Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Елбасы жолдауында Қазақстанның экономикалық өсіміне әсер ететін аграрлық сектор экономиканың жаңа драйверіне айналуы үшін Үкіметке нақты тапсырмалар қойды.

100 нақты қадам – Ұлт жоспарының бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған шаралар қарастырылған. Инвестициялық климатты жақсарту мақсатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан Трансұлттық компаниялардың қатысуымен Қазақстанның экспорттық тауарларын әлемдік нарыққа шығаруға бағытталған жобаларды жасау жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда Транұлттық компаниялардың қатысуымен 4 жоба таңдап алынды. Бұл жобалар ет, сүт өнімдерін өндіру және қайта өңдеу және өсімдік шаруашылығы (қызанақ пастасын өндіру) саласында жүзеге асырылуда. Трансұлттық компаниялардан басқа, АӨК саласында шетелдік инвесторлардың қатысуымен 40-қа жуық жобалар бар. Инвесторлар басым бөлігі РФ, Германия, Түркия, Украина, Оңтүстік Корея және ҚХР, Франция мемлекеттерінен.

Жалпы, мемелекеттік бағдарлама бойынша отандық тауардың экспорттық әлеуетін арттыру және ішкі нарықты толықтыру қарастырылған. 2021 жылға қарай экспорт көлемін 0,8-ден 1,5 млрд. долларға арттыру қарастырылған.

А.Мырзахметов Қазақстанға шет мемлекеттермен іскерлік қатынасты дамыту және нығайту мүмкіндігігін беретін стратегиялық құжаттардың маңыздылығын айтып, елшілер қойған сауалдарға кеңінен жауап берді.

Анықтама: Азық – түлік тауарларының экспортын 2021 жылға дейін 40%-ға арттыру үшін әр жылға арналған нақты индикаторлар белгіленді. (астык 649-дан 715 млн.доллар, ұн 344-тен 414 млн. доллар, майлы дақылдар 111-ден 383 млн. доллар, өсімдік майы 40-тан 340 млн. доллар, сиыр еті 16-дан 193 млн. доллар, қой еті 0,3-тен 30 млн. долларғаарттыру). Ағымдағы жылы ұн 344-тен 399 млн. долларға, майлы дақылдар 111-ден 175 млн. долларға, өсімдік майын 39,5-тен 118 млн. долларға, сиыр етін 16-дан 55 млн.долларға арттыру жоспарлануда.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus