Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А. Мырзахметов орман иеленушілердің 2017 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді

А. Мырзахметов орман иеленушілердің 2017 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді


Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовтың төрағалығымен орман иеленушілердің 2017 жылғы өрт қауіпті кезеңіне дайындық мәселелері бойынша бейнебайланыс арқылы кеңес өтті.

Аталған іс-шараға орман шаруашылығына жетекшілік ететін облыс әкімдерінің орынбасарлары, табиғи ресурстар мен орман пайдалануды реттеу басқармаларының, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының, облыстық төтенше жағдайлар департаменттерінің және табиғат қорғау мекемесінің жетекшілері қатысты.

Кеңес барысында А. Мырзахметов облыс әкімдіктерінің қарауындағы орман мекемелерінің материалдық-техникалық жағынан қажетті деңгейде жабдықталуына назар аударды.

Ормандағы өрт жағдайы туралы ақпаратты оперативті қабылдау мен тарату бойынша және «Қазавиаорманқорғау» РМКК-ның орман өртін сөндіру жұмыстарын үйлестіру үшін Республикалық диспетчерлік қызмет ұйымдастырылып, сонымен бірге ҚР ІІМ ТЖК Республикалық дағдарыс орталығына орман өрттері туралы ақпарат беру қамтамасыз етілді.

Қазіргі уақытта «Қазавиаорманқорғау» РМКК жоғарғы санаттағы өрт қауіпі туындаған орман массивтерінде үш реттік әуе бақылау жұмыстарын жүргізуде. Әуе бөлімшелерінің жеке құрамы жоғары жауынгерлік әзірлікке келтірілген.

Әуе бақылау Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарының орман қорының 8 млн 869 мың га аумағын немесе республиканың орман қорының 30% аумағын қамтуда.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus