Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор

Елбасы Қазақстан халқына жолдауында субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастыру, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу қажеттілігі туралы атап өткен болатын.

Вице-Премьер – Ауыл шаруашылығы министрі Оңтүстік Қазақстан облысы жұртшылығымен кездесу барысында Елбасы Қазақстан халқына Жолдауының басты басымдықтарын баяндай отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастыру жөнінде айта кетті.

11 тиімсіз субсидия түрі алып тасталып, 35 субсидия түрінің нормативтеріне өзгерістер енгізілуде.

Нәтижесінде, сол бюджет көлемі арқылы өндірушілердің, оның ішінде, ең алдымен, ұсақ шаруашылықтар мен кооперативтердің мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылуы 7,5 есеге (67 мыңнан 500 мыңға дейін) ұлғаяды.

Бұл ретте, жаңа тетіктер түпкілікті нәтижеге, яғни, түсімділікке, салмақ өсіміне және қайта өңдеуші қуаттылықтардың жүктелуіне бағытталған.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus