Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А. Мырзахметов: Мемлекеттік қолдау барлық фермерлерге қолжетімді болмақ

А. Мырзахметов: Мемлекеттік қолдау барлық фермерлерге қолжетімді болмақ

Бүгін Қостанай облысының шаруаларымен өткен жиында Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Аскар Мырзахметов ауыл шаруашылығы тауар өңдірушілерін барынша қамти отырып, мемлекеттік қолдаудың тиімділігін және қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларының қолға алынып жатқанын хабарлады.

«Бүгінгі күні мал шаруашылығын субсидиялау бойынша 33 бағыт бар, оларға 2015 жылы 69 млрд. тенге бөлінген. Жаңа бағдарлама аясында 6 субсидия қарастырылатын болады», – деді Асқар Мырзахметов.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің дерегінше, сиыр, қой еті, сүтке берілген субсидияларды алушылар – ірі шаруашылықтар (жалпы соманың 60%-ы ). Мысалы, сиыр етіне берілетін субсидиянының жалпы көлемін (60%) 19 мал бордақылау алаңдары (3000 бас малдан) алып отырса, сүтке берілетін субсидияда дәл осылай жасалып отырған. Ендігі кезекте осы бағыттағы критерийлер төмендетілетін болады (сиыр етіне 400-ден 100 бас малға) және ауыл шаруашылығы коперативтеріне субсидия алуға қатысуға мүмкіндік берілмек. Осы арқылы субсидия алушылардың саны 2,5 есеге көбейтілмек.

Сонымен қатар, ет бағытындағы асыл тұқымды төлдер жеткілікті болғандықтан, импортталатын асыл тұқымды ірі қара малды әкелуге арналған субсидияға шектеу қойылып, барлық қаражат өнімді субсидиялауға бөлінетін болады.

«Мал басына төленетін ірі-шырынды азықтарды субсидиялау (ЖБ есебінен орташа 100 мың.тг) түпкілікті нәтижені қамтамасыз етпейді. Аталған қаражатты ауыл шаруашылығы кооперативтеріне өткізілген құрама жемді субсидиялауға бағыттау жоспарланып отыр», – деді АШМ басшысы.
Асқар Мырзахметов 1 аналық мал басына төленетін ІҚМ асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізуді субсидиялаудың түпкілікті нәтижеге байламсыз алынатын төлге бағытталатынын айтып өтті.

Айта кетейік, Вице-Премьер Аскар Мырзахметов АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын түсіндіру мақсатында аймақтарға іс-сапарын жалғастыруда.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus