Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А. Мырзахметов: Мемлекеттік бағдарлама ауылдың әрбір тұрғынына қолжетімді болмақ

А. Мырзахметов: Мемлекеттік бағдарлама ауылдың әрбір тұрғынына қолжетімді болмақ


А.Мырзахметов Ақтөбе облысындағы АӨК-ті дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын түсіндіру барысында субсидиялаудың тиімділігін арттыру шаралары туралы айтты.

А. Мырзахметов субсидиялау жүйесіне бірқатар түзетулер енгізу жоспарланғанын айта кетті.

«Қазіргі таңда мал шаруашылығын субсидиялаудың 33 бағыты бар, осы бағыттарға 2015 жылы 69 млрд. теңге бөлінді. Ал, жаңа бағдарлама аясында субсидияның 6 түрі бойынша 34,5 млрд. теңге қарастырылған.
Сүт, сиыр еті, қой еті өнімдерін өндіруге берілетін субсидияны ірі шаруашылықтар ғана (жалпы өнімнің 60%), алып отыр, мысалы, сиыр еті бойынша 19 бордақылау алаңы ғана (3000 мал орнынан бастап) субсидия алған, мұндай жағдай сүт өнімдеріне берілген субсидияда да кездеседі», – деп атап өтті ол.

«Көрсетілген бағыттар бойынша қойылатын талаптар төмендетілді, (сиыр еті бойынша 400-ден 100 мал орнына дейін) және ауыл шаруашылығы кооперативтеріне субсидия бөлу мүмкіндігі қарастырылып отыр. Жаңа бағдарлама бойынша субсидия алатындар саны 2,5 есеге көбейеді»,- деді Вице-Премьер.

Асыл тұқымды төл басының жеткілікті болуына байланысты, шет елден келген асыл тұқымды ірі-қараға субсидия бөлінбейді. Олар өнімдерді субсидиялауға беріледі.

«Нәтиже бермейтін мал басына берілетін субсидиялау тоқтатылып, орнына ауыл шаруашылығы кооперативтерінің құрама азығына субсидия беріледі,- деп айта кетті Вице-Премьер – Ауыл шаруашылығы басшысы.

Еске сала кетейік, А. Мырзахметов АӨК-ті дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасын түсіндіруде.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus