Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А.Мырзахметов: Машина-тракторлық парктердің жаңару екпінінің төмендігі байқалуда

А.Мырзахметов: Машина-тракторлық парктердің жаңару екпінінің төмендігі байқалуда


Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Қостанай облысында еліміздің аграрилермен бірге өткен жиналыста АӨК субъектілерінің техникалық жабдықталуын жоғарылату бойынша негізгі шараларға тоқталып кетті.

«Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы техникасын алуға субсидия бөлу инвестициялық шығындардың өтелу бағдарламасы аясында іске асырылады. Соңғы кезде ауыл шаруашылығы техникалары мен жабдықтарын жаңарту барысында диспоритет қалыптасты, ірі агрохолдингтер арқылы қымбат техниканы сатып алу кезінде біраз теңсіздіктер байқалады. Бұл машина-тракторлық парктер мен жалпы АӨК бойынша ауыл шаруашылығы техникаларының жаңару процесінің бәсеңдеуінің бірден-бір себебі» ,- деді Асқар Мырзахметов.

Біз ұсынып отырған әдіс бойынша шетелдер мен ТМД елдерінде өндірілетін ауыл шаруашылығы техникасын бірдей бағаға сатып алу, техниканы жаңарту қарқынын арттырады.
ҚХР мен ТМД елдерінде өндірілген арзан техниканы сатып алуға инвестсубсидияның нормативтік бағыты мүмкіндік береді. Министрлік пен ТМД және ҚХР елдерінің жоғары дәрежелі машина жасайтын компаниялары арасында келісім-шарт жасау жоспарлануда.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus