Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А.Мырзахметов Ислам даму банкінің өкілдерімен кездесті

А.Мырзахметов Ислам даму банкінің өкілдерімен кездесті

Бүгін Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Сауд Арабиясына ресми сапарын даярлау аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Ислам даму банкі Президентінің м.а. А.Тиктикпен кездесті.

Кездесу барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары А.Мырзахметов және Ислам даму банкі Президентінің м.а. А.Тиктик Қазақстан Республикасы мен Ислам даму банкінің арасындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Банк пен «Астана» халықаралық қаржы орталығы арасындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум ислам банкингінің дамуына серпін беріп, Ислам даму банкінің оңды тәжірибесін зерттеп зерделеуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті А.Мырзахметов.

Бұдан әрі ҚР Премьер-Министрінің орынбасары және Ислам даму банкі Президентінің м.а. азық-түлік қауіпсіздігі және Қазақстан өңірлерінің инфрақұрылымдарын дамыту бойынша өзара ынтымақтастық мәселелерін сөз етті.

Анықтамалық: а.ж. 11-12 қазанда Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовтің жетекшілігіндегі Үкіметтік делегация Сауд Арабиясына сапарлатуда.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus