Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А.Мырзахметов бастаған Қазақстан делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен келді

А.Мырзахметов бастаған Қазақстан делегациясы Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен келді

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов бастаған Қазақстан делегациясы жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласына келді.

Алдағы уақытта ҚХР Сапаны қадағалау, инспекция және карантин жөніндегі бас басқармасы, ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚХР Коммерция министрлігі, ҚХР Халықаралық сауда-саттыққа атсалысу комитеті басшылығы және бизнес қауымдастығы өкілдерімен бірқатар маңызды кездесулер өткізу жоспарлануда.

Делегация құрамында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен өңірлердің салалық басқармаларының басшылары, «ҚазАгро» холдингі мен еншілес ұйымдары, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы өкілдері және ауыл шаруашылығы қауымдастықтарының жетекшілері мен жеке кәсіпкерлер бар.

Сапардың басты мақсаты – Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы АӨК-ке шетелден инвестиция тарту мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты бойынша берген тапсырмаларын жүзеге асыру және екі жақты тиімді келісімдерге қол жеткізу.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика