Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А.Мырзахметов азаматтармен жеке сұрақтары бойынша кездесті

А.Мырзахметов азаматтармен жеке сұрақтары бойынша кездесті



Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрi А.Мырзахметов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Жүздесу барысында ауыл шаруашылығын дамыту мен жер және де тағы да басқа салалық мәселелер қозғалды. Атап айтқанда, «KazAgroGrin» ЖШС бас директоры Б.Көпбаев гидропоникалық қондырғыны өндіріске көптен енгізу мәселесін ортаға салса, ауыл шаруашылығы ардагері С.Турумбаев орман шаруашылығы жұмысшыларының біліктілігін көтеру курстарын ұйымдастыруды сөз етті.

Сонымен қатар, кездесушілер тарапынан «Экспо-2017» кезінде Халықаралық ветеринарлар конгресін өткізу бойынша да бірқатар ұсыныстар айтылды.

Айта кетейік, кездесу соңында министр азаматтар сұранымдары бойынша нақты жауаптар беріп, барлық көтерілген мәселелерді бақылауға алуға құрылымдық бөлімшелерге тапсырма берді.


ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus