Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар А.Мырзахметов: Астана қаласының азық – түлік белдеуінде 22 сүт өндеу кәсіпорыны бар

А.Мырзахметов: Астана қаласының азық – түлік белдеуінде 22 сүт өндеу кәсіпорыны бар

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Ақмола облысына жұмыс сапары барысында Астана қаласының азық – түлік белдеуіндегі сүт өнімдерін өндіру нарығының даму мүмкіндіктерін тізбеледі, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

«Астана қаласының азық – түлік белдеуінде 22 сүт өндеу кәсіпорындары бар. Бұл ретте осы кәсіпорындардың өнімділігі сары май бойынша 40%-ды құраса, ірімшік пен сүзбе -30,7%-ды құрайды. Осы кәсіпорындардың өнімділігін арттыру үшін жылына 100,5 мың тонна сүт қажет болады», – деді министр.

«Осыған қарамастан, азық-түлік белдеуінде жеке қосалқы шаруашылықтармен 470 мыңнан астам сүт өнімдері өндіріледі. Оның ішінде 54 168 мың тоннасы ғана қайта өндеуге жіберіледі. Нәтижесінде 239 945 тонна сүт аламыз, осы қалған сүт өнімдерін ЖҚШ сүт өндеу зауыттарына өнімділігін арттыруға жібере алатын болады», – деп толықтырды ол.

Оның айтуынша, бұл үшін сүт қабылдау пунктілерін ашу керек болады. Ал логистиканы қамтамасыз ету үшін сүт тасымалдаушыларды сатып алу қажет.

Сондай-ақ, А.Мырзахметов 2016 жылы республика бойынша 150 сүт қабылдау пунктін ашу жоспарланып отырғанын атап өтті. Олар негізінен 6 азық-түлік белдеуі аймақтарында қарастырылады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus