Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар Аграрлық сектор бизнес үшін тартымды салаға айналып келеді – А.Мырзахметов

Аграрлық сектор бизнес үшін тартымды салаға айналып келеді – А.Мырзахметов

2c9e9e1d6293065775fb277646731bea_resize_w_840_h_

Аграрлық сектор бизнес үшін тартымды салаға айналып келеді. Жалпы, ауыл шаруашылығына құйылған инвестициялар көлемі 167 млрд. теңгеге жетті. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Тамақ өнімдерін өндіру көлемі өткен жылы 1,0 трлн. теңгеден асты. Бұл салада негізгі капиталға тартылған инвестициялар 28%-ға артып, 56 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, ең үлкен үлес Оңтүстік Қазақстан облысында – 28%-ды, Алматы облысында – 12%-ды, Қостанай облысында – 9%-ды құрап отыр», – дейді министр.

Асқар Мырзахметовтің айтуынша, жалпы ауыл шаруашылығына құйылған инвестициялар көлемі 167 млрд. теңгеге жетті. 2012 жылы жеке инвестициялар 104 млрд. теңгені құраса, 2015 жылы бұл көрсеткіш 138 млрд. теңгеге жетіп отыр. Бұл аграрлық сектордың бизнес үшін тартымды болып келе жатқанын көрсетеді.

«Ауыл шаруашылығына салынған инвестициялардың жалпы көлемінде ең үлкен үлестік салмақ Солтүстік Қазақстан облысына (26%-дан астам), Қостанай облысына (16%), Ақмола облысына (шамамен 15%) тиесілі болып отыр», – дейді министр.

Источник: http://bnews.kz/kz/news/ekonomika/apk/agrarlik_sektor_biznes_ushin_tartimdi_salaga_ainalip_keledi__amirzahmetov-2016_06_22-1277937

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus