Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Мемлекеттік бағдарламасының ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ Баспасөз хабарламасы А. Мырзахметов АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын Мәжіліс депутаттарына таныстырды

А. Мырзахметов АӨК-ті дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын Мәжіліс депутаттарына таныстырды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов осыған дейін Мемлекет басшысына аграрлық өнеркәсіп кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасын баяндаған болатын. Өз кезегінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тұжырымдаманы мақұлдап, мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге тапсырма берген.

Бүгін ҚР Парламент Мәжілісінінде А.Мырзахметов АӨК-ті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын таныстырды.

Жаңа жаһандану заманында аграрлық сектордың дамуына аса мән берілуде. Алдағы бес жыл ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу экономикалық өсім мен әртараптандырудың ең негізгі қозғаушы күшіне айналады.

Кешеннің жаңа рөлін жүзеге асыру ел дамуын тұрақтандырып, еңбек өнімділігін арттырады. Бағдарлама жобасы қосалқы шаруашылықтар мен ұсақ фермерлік қожалықтарды ауқымды кооперацияларға біріктіру арқылы өндірістің өсімі мен ауыл тұрғындарының  жоғары өмір сүру деңгейін қамтамасыз етуге негізделген.

Бұл кооперациялар отандық аграрлық-өнеркәсіптік кешенді ішкі нарықта өзінің табиғи және құнарлы өнімдерімен тартымды етеді. 

Бағдарламаның арқасында субсидия алушылар саны қазіргіден жеті есеге дейін көбейіп, «КазАгроның жеңілдік аясы кеңейіп, несие алатын орта мен кіші кәсіпкерлікті қолдау 1,4 есеге көбейеді.
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін несиелік ресурстардың барлық түрлерін қамту жоспарлануда. Бірінші кезекте, несиелер ауыл шаруашылығы кооперативтері мен орта және шағын бизнеске беріледі. 

АҚ ҰБХ «КазАгро» арқылы берілетін несие мөлшерлемесі төмендетіліп берілетін болады. Мысалы, келесі жылдан бастап көктемгі суару жұмыстарына берілетін несиенің жылдық мөлшерлемесі 3%-ға дейін төмендетілмек (2016 жылы 7,4% берілген).
«Мал шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау мақсатында субсидияның 34 түрі жүзеге асырылады. Мемлекеттік бағдарлама аясында субсидия түрлері жаңартылатын болады. Мал шаруашылығы саласындағы қолдасынтағы субсидияның төрт түрі алынып тасталынады»,- деді А.Мырзахметов.
Бұл асыл тұқымды ірі қара малдың етін импорттау бағыты, асыл тұқымды бұқаларды сүтті сиырлардың табынында ұстау, бұқаларды ірі мал бордақылау алаңдарында өсіру және  ірі және шырынды жем-шөпті арзандату болып табылады.
Сонымен қатар  субсидияның ережелерін 7 бағыт бойынша көбейту көзделген. Олар: бастапқы мөлшерлемені төмендету және 8 бағыт бойынша критерилерді қайтадан қарау, субсидияның 6 жаңа түрін қосу, оның ішінде 4 өңірлік бағытын, АҚО 5 бағытын қайтару, 10 бағытты өзгерізсіз қалдыру.
«Өсімдік шаруашылығындағы субсидия тиімділігін арттыру үшін гектарға берілетін субсидиядан өндірілген өнімге берілетін субсидияға көшу және көктемгі егін жұмыстарында алынатын басым астықтарды несиелеу қарастырылып отыр»,- деді Вице-Премьер.
Аскар Мырзаметов өз сөзінде гектарлық субсидиядан бас тартуға әртараптандырудың жеткіліксіз болуы, құрама жем-шөп,май өңдейтін зауыттардың төмен жүктемелігі, өсімдік майы мен қант импортының жоғары мөлшері себепкер болғанын атап өтті.
«Егістікте бидайдың мөлшері жоғары болғандықтан, (ғылымның ұсынысы бойынша 45% болса, бүгінгі күні 57%), сатылатын бағасына тәуелді болып тұр. Май өңдеуші зауыттардың жүктемелігі 550 мың тоннаны немесе 45%-ды құрайтын болса, ал құрама жем дайындайтын зауыттар тиісінше 1,2 млн. тонна немесе 42% құрап отыр. Өсімдік майының импорттағы үлесі 160 мың тонна немесе  40%, қанттікі 432 мың тонна немесе 97%»,-  дейді Вице-Премьер- Министр.

Сондай-ақ, бағдарламада көктемгі егін жұмыстарын несилеу, өнімдерді сатып алып құрама жем (арпа, жүгері) зауыттарын іске қосу, дәнді дақылдарды өңдеу ісін қаржыландыру  шараларына «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы «ҰК» АҚ –ның әлеуетін қолдану жоспарланған.

АШМ Баспасөз қызметі
+7 7172 555 765, 555 947
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus