Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысында құлпынай өсіретін шаруашылық пайда болды

Ақмола облысында құлпынай өсіретін шаруашылық пайда болды

Ақмола облысының Шортанды ауданына қарасты Дамса ауылында жаңа жеміс-жидек фермасы өз жұмысын бастады. Шаруашылық негізінен құлпынай және таңқурай өсірумен айналысады. Ал, елді мекен Астана қаласына жақын орналасқандықтан, ферма өз өнімдерін алдымен елордаға жөнелтеміз деп отыр.

«Бұйыртса, осы жазда-ақ астаналықтар өзіміздің жеміс-жидектерден ауыз тиетін болады. Құлпынайдың бұл сұрпы өте өнімді. Әр түптен бір маусымда 2 келіге дейін өнім алуды жоспарлап отырмыз. Осылайша биыл бас-аяғы 3 тонна өнім өндіріледі деп үміттенеміз», – дейді серіктестіктің директоры Нұрлан Апұшов.

Шаруашылық осы мақсатта шетелден 1 млн данаға жуық көшет әкелмек. «Альбион» атты құлпынай сұрпы жылына бірнеше рет өнім береді екен.

Дерек көзі: 24.kz
ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus