Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар Ақмола облысы ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде көш бастады

Ақмола облысы ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде көш бастады

Ақмола облысы республикамызда ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі бойынша алдынғы орында тұр. Бұл туралы әкімдік отырысында экономика және бюджеттік жоспарлау басқарамсының басшысы Бауыржан Малғажаров мәлімдеді.

«Осы жылдың 9 айының нәтижесіне сәйкес Ақмола облысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 248,4 млрд теңге, индексі 113,1% болды және аймақ республикада бірінші орын алды. Бүгінде 13,2 ц/га орташа өнімнен 5,6 млн тонна дәнді және бұршақты дақыл, майлы дақылдар 9,1ц/га өнімнен– 128,8 мың тонна жиналды», – деді Б. Малғажаров.

Аймақта картоп егуді дамыту жұмыстары қатар жүріп жатыр.

«Биыл 258,3 мың тонна картоп жиналды. Облыста 71,6 мың тонна сыйымдылығымен 54 арнайы қойма бар. Картопты сақтауға байланысты проблема жоқ», – деді шенеунік.

Аймақ өзінің және елорданың ішкі қажеттілігін толығымен қамтамасыз етіп отыр. Өнімнің бір бөлігін басқа өңірлерге шығарады.

«Mал шаруашылығында ірі қара малдың саны 3,1%-ға көбейді. 69,2 мың тонна ет, 299 мың тонна сүт және 565,4 млн дана жұмыртқа өндірілді», – деп толықтырды басқарма басшысы.

Айта кетейік, Астана айналасындағы азық-түлік белдеуі аясында биыл 8,9 млрд теңгенің 11 жобасы іске асады.

Дерек көзі:http://bnews.kz/kz/news/ekonomika/apk/akmola_oblisi_auil_sharuashiligi_onimin_ondirude_kosh_bastadi-2016_10_20-1294055

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus