Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар ДСҰ отандық фермерлердi субсидиялауға ешқандай шектеу қоймайды – А.Мамытбеков

ДСҰ отандық фермерлердi субсидиялауға ешқандай шектеу қоймайды – А.Мамытбеков

0b6e714dd64fed54394cde7f1b83a875

 

 Қазақстан Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiрген соң фермерлердi субсидиялау бойынша ешқандай шектеу болмайды. Бұл жөнiнде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде «Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі жөніндегі келіссөздердің аяқталуы туралы» атты баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрi Асылжан Мамытбеков мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру бойынша жүргiзiлген келiссөздер барысында ауыл шаруашылығы саласына қатысты мәселелер қызу талқыланған мәселелердiң бiрi болды және күнi кешеге дейiн созылды. Нәтижесiнде, Қазақстан жыл сайын өндiрiлетiн жалпы өнiмнiң 8,5% көлемiнде ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау құқығына ие болды. Ұйымға мүше Ресей мен Украинаға берiлген бұл мүмкiндiк 5% шегiнде болғанын атап өту керек. ДСҰ әдiстемесi бойынша бұл 8,5%-ды екi есеге ұлғайтуға болады. Мысалы, бұл субсидия мөлшерiн нақты бiр тауар түрiне пайдалануға және 8,5%-ды пайыздық мөлшерлеменi субсидиялау, сақтандыру, консалтинг, лизинг секiлдi басқа қызметтерді субсидиялауға пайдалануға болады. Сондықтан, Қазақстанның 17%-дық субсидиялау құқығы бар деп айтуға болады. Айта кету керек, 2014 жылы ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнiмнiң көлемi шамамен 2,6 трлн теңгеге жетті. Егер, мұны 17%-ға көбейтер болсақ, онда шамамен 2,5 млн доллар субсидия шығады. ДСҰ-ға кiрген соң фермерлердi субсидиялау бойынша ешқандай шектеу болмайтынын баса айтқым келедi. Мұндай шектеу қоюға ешқандай негiз жоқ және болмайды да. Алайда, ДСҰ-ны барлық ауру-сырқауды жазатын санаторий деп қарастырмау керек. Бұл ең алдымен жаңа бәсекелестiк, жаңа мүмкiндiктер», – деген А.Мамытбеков министрлiктiң, мемлекеттiң ДСҰ берiп отырған көлемде ауыл шаруашылығын субсидиялауға қаражаты жетпей қалуы мүмкiн екенiн де айтты.

Ақмарал ШАҒАТАЙ

Источник: http://bnews.kz/kk/news/post/275056/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus