Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар А.Мамытбеков: Қазақстанның ДСҰ-ға енуі экспорт саласының мүмкіндігін кеңейте түсті

А.Мамытбеков: Қазақстанның ДСҰ-ға енуі экспорт саласының мүмкіндігін кеңейте түсті

«Бүгін агроөнеркәсіптік кешен экономиканың тұрақты дамып келе жатқан саласы ғана емес, экономикалық тартымды сала болып табылады. Бұл ретте, осынау отандық агросектордың қалыптасуы кезеңінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері сенімді серіктес бола білді. Соңғы 10 жылда ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі 41%-ға ұлғайды», – деді ол.

Министрдің айтуынша, еліміздің ірі кәсіпорындарының бірі «Актеп» ЖШС мен италияндық «Inalca Eurasia» компаниясы республиканың үш облысында жалпы қуаты бір уақытта 44 мың басты бордақылайтын бордақылау алаңдарын салу үшін тігінен интеграцияланған компания құруды, сондай-ақ ет комбинатының қуатын 20 мың тонна ет және ет өнімдеріне ұлғайта отырып, жаңғыртуды көздейтін инвестициялық келісімге қол қойды.

«Инвестиция көлемі 100 млн. долларды құрайды. Сондай-ақ компания қазақстандық ет брендін жасауға және оны Еуропа елдері мен Ресейге экспорттауды қамтамасыз етуге ниетті», – деді А.Мамытбеков.

Источник: https://strategy2050.kz/news/34625/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus