Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар А.Мамытбеков: 2015 жылы қазақстандық аграрилер ерікті түрде 2,5 млн гектар жерді қайтарды

А.Мамытбеков: 2015 жылы қазақстандық аграрилер ерікті түрде 2,5 млн гектар жерді қайтарды

2015 жылы қазақстандық аграрилер ерікті түрде 2,5 млн гектар жерді қайтарды, деді Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков «ЕАЭО және ДСҰ жағдайында отандық аграрлық сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – заңнамалық реттеу және оны тәжірибелік тұрғыдан іске асыру» тақырыбындағы парламенттік тыңдалымында.

«Арнайы салық режиміндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық салудың жетілдірілмеуі проблемасын шешу мақсатында жер салығынан 70%-дық жеңілдік алып тасталып, ол бойынша мөлшерлеме 5 есеге ұлғайды, бірыңғай жер салығы бойынша мөлшерлеме 1,5 есеге ұлғайтылып, өңірлерге оны қолданылмайтын жерлер бойынша 10 есеге дейін ұлғайту құқығы берілді. Нәтижесінде, 2015 жылы 2,5 млн. гектар жер, оның ішінде 400 мың гектар егістік және 1,8 млн. гектар жайылымдық жерлер ерікті түрде қайтарылды», – деді А.Мамытбеков.

Оның айтуынша, жалпыға ортақ салық салу режимі қолданылатын ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңды тұлғалар мен шаруа (фермер) қожалықтарына өсіп кеткен салықтық жүктемені нивелирлеу үшін еңбекақы қоры бойынша қосарланған шегерім жүргізу, әлеуметтік салық мөлшерлемесін 6,5%-ға дейін төмендету, қосылған құн салығын төлеу кезінде 70%-дық жеңілдік алу және мүлік, көлік салығын төлеуден босатылу құқығы берілген. Сонымен қатар, барлық шаруа (фермер) қожалықтары үшін қоршаған ортаға эмиссия үшін ақы төлеу бірыңғай жер салығы құрамына қосылды.

Источник: https://strategy2050.kz/news/34631/

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus