Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Бейне Ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан қолдау қашанда жоғары болмақ

Ауыл шаруашылығы саласына мемлекет тарапынан қолдау қашанда жоғары болмақ

Жыл аяғына дейін Атырау облысында ауыл шаруашылығына қатысты бірнеше ірі жоба іске қосылады. Олардың басым бөлігі индустриалдық карта шеңберінде жүзеге аспақ. Өңірге келген ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков осы жаңа жобалармен танысты. Таяуда пайдалануға берілетін жүн өңдеу фабрикасы Италияның тоқыма фабрикаларымен келісімшартқа отырған. Осы келісімге сәйкес, өндіріс орталығы алғашқы өнімдерін Еуропаға жөнелтеді. Сонымен қатар аймақта ет, сүт, жұмыртқа өндіру мен өңдеу жобалары сәтті жүзеге асырылуда. Министр алдағы уақытта мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығы саласының дамуы үшін жасалатын жағдайларды атап өтті. Асылжан Мамытбеков, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: – Ендігі жылдан бастап көптеген субсидияның ережелеріне, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің біріккен ұйымдарына немесе кооперативтеріне, ең біріншіден және де ұлғайтылған көлемде субсидиялар беріледі деген ережеге өзгеріс ендірмекшіміз.

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Яндекс.Метрика