Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет АӨК туралы басылымдар А.Мамытбеков: Қазақтың ақбас сиыры – біздің брендіміз

А.Мамытбеков: Қазақтың ақбас сиыры – біздің брендіміз

Қазақтың ақбас сиыры – біздің брендіміз. Бұл туралы Астана қаласында Қазақтың ақбас тұқымының республикалық палатасының жиналысы барысында ҚР АШМ басшысы Асылжан Мамытбеков мәлім етті.

«Асыл тұқымды мал шаруашылығын селекциялауға бөлінетін қаражаттың 70 пайызы қазақтың ақбас сиырларын асылдандыруға бөлінеді. Қазақтың ақбас сиыры – біздің брендіміз әрі игілігіміз. Оны сақтап, жетілдіруіміз керек», – дейді министр.

Бүгін Астана қаласында Қазақтың ақбас тұқымының республикалық палатасының жиналысы өтуде. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен шаруа қожалықтарының иелері қатысуда. Асыл тұқымды ірі қараны өсірумен айналысатын шаруа қожалықтарының өздерінің проблемаларын ортаға салып, оны шешудің оңтайлы жолдарын қарастыруда. Шара қожалық иелерінің сұрақтарына ауыл шауашылығының министрі жауап берді.

Қатысушылар жиынның маңыздылығын атап өтіп, палатаның құрылуы шаруа қожалықтарының жұмысын анағұрлым жеңілдеткенін айтуда.

Ербол САРМУРЗИН

www.bnews.kz

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus