Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АӨК-ті цифрландыру күні

АӨК-ті цифрландыру күні


Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Бірінші вице-министрі Арман Евниев «АӨК-ті цифрландыру күні» аясында бірнеше инновациялық жобаларды таныстырды. Іс-шараға сарапшылар қауымдастығының өкілдері, ІТ-бизнес құрылымдарының басшылары қатысты.
«АӨК-ті цифрландыру күнін» өткізудің мақсаты – ауыл шаруашылығындағы ақпараттық технологияларды дамыту үшін бизнес өкілдерін тарту.
Ауыл шаруашылығы министрлігі АӨК-ті ауқымды цифрландыру үшін екі үлкен тапсырма қойып отыр. Олар:
– АӨК-ті мемлекеттік реттеу жүйесін цифрландыру;
– Өндірістік саланы технологиялық қайта жарақтандыру.
Цифрландыру АӨК-ті мемлекеттік реттеудің төрт бағытын дамытудың маңызды құралы болып табылады, олар: АӨК субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігі, өткізу нарығын және экспортты дамыту, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиімділігі, су және биоресурстарды тиімді басқару
Аталған бағыттар бойынша АӨК-тегі 101 мемлекеттік қызмет көрсету мен оған байланысты процестер автоматтандырылатын болады.
2019 жылы ауылшаруашылығы өнімдерін «егістіктен үстелге дейін» қадағалау жүйесі енгізіліп, оған мал шаруашылығы, өсімдік және балық өнімдерін бақылау кіретін болады.
Конкурстық рәсімдердің 100% электрондық форматқа көшуі мемлекеттік орман қорының, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, аңшылық және балық шаруашылықтарындағы су қоймаларын және суды пайдалану жүйесінің ашық өту құқығын арттыруға септігін тигізеді.
Технологиялық қайта жарақтандыру аясында ІТ-технологияларды нақты егіншілік пен SMART фермаларда пайдалануды дамыту үшін бизнес өкілдерін тартуға жағдай жасалынатын болады.
Нақты егіншілік элементтерін енгізу фермерлерге өндірістік тиімділікті айтарлықтай жақсартуға және кешенді түрде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығынын кемінде 25%-ға азайтуға мүмкіндік береді. Мұндай элементтерге мыналар жатады: егістіктердің электронды карталары, ауа райының нақты деректері, сенсорлер мен датчиктер және космониторинг.

SMART-технологияларды енгізу мал басына мониторинг жүргізуге, жылыжайларды дербес басқаруға, онлайн режимде шығындарды есептеп талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
АӨК-ті цифрландыруға фермерлерді тарту 3 топқа бөлінеді:
Бірінші топ – «цифрландыру пионерлері». Бұл қажетті инфрақұрылымы бар және өз өнімдерін қазірдің өзінде цифрландыруға дайын фермерлер.
Екінші топ – техникалық жабдықталу деңгейі жоғары және жоғары технологиялық жабдықты енгізетін фермерлер. Цифрландыруға шешуші қадам жасау үшін олар қолдау мен ынталандыруды қажет етеді.
Үшінші топ – техникалық жабдықталу деңгейі төмен және технологиялық тәртіпті сақтауға дайын емес фермерлер.
Әрбір топ үшін жетілдірілген озық шаруашылықтарды пайдалана отырып, эталондық модельдері жасалынатын болады.
Сондай-ақ, ІТ-бизнестің ашық көздер технологиялары мен деректер базасына қолжетімділігіне негізделген агротехнологияларды дамытуға кеңінен қатысуы үшін жағдайлар жасалатын болады.
Ашық мәліметтерге сүйене отырып, бизнес бәсекелестік ортада жеке IT-платформаларын енгізіп, әртүрлі мобильді қосымшаларды жүзеге асыруы мүмкін.
Осы мақсатта Ауыл шаруашылығы министрлігі осы жобаларды ІТ-бизнестің сарапшылары мен өкілдеріне ұсына отырып, оларды АӨК-ті цифрландыру жобаларын әзірлеуге және іске асыруға белсенді қатысуға шақырды.
Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландырудағы «мемлекеттік-іскерлік» қарым-қатынас форматы серіктестік қарым-қатынастарды, бастапқы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін, сондай-ақ нарықтағы бизнес-қоғамдастықтың жетістіктері мен жобаларын жүзеге асыруды көздейді. Министрліктің бастамасы бойынша әрбiр әзірленген жобаның дәйектiлiгiн, қаржылық шығындарын, өзектiлiгiн және өндiрушiлiгiн бағалауға және талдауға мүмкiндiк беретiн бизнес, халықаралық ұйымдар мен квазимемлекеттік сектордың өкiлдерiнен тұратын сарапшылық кеңес құрылады.
АӨК-ті цифрландыру бәсекеге қабілеттілікті және еңбек өнімділігін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және салаға инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Жалпы алғанда, 2025 жылға дейін экономикалық тиімділік шамамен 40 млрд. теңгені құрайды.

ҚР АШМ Қоғаммен байланыс
департаменті

+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus
Powered by WordPress | Designed by Tielabs
© Copyright 2012, All Rights Reserved