Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АӨК-ті дамытудағы ғылымның рөлі

АӨК-ті дамытудағы ғылымның рөлі

Бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаның жобасымен таныстырды.

АӨК-ті дамыту үшін жаңа бағдарламада көрсетілген тапсырмаларды сәтті орындау үшін ғылым мен білім салаларын дамытудың ықпалын өзгерту мәселесі де қарастырылып жатыр. Ғылымды біріктіру мен білімді дамыту салаларына баса назар аударылуда. Ауыл шаруашылығы өндірісінің сұранысына жауап беретін зерттеулермен айналысу қажет. Сондықтан, ғылым тауар өндірушілердің нақты сұранысына байланысты қаржыландырылады. Демек, ғылыми зерттеулер ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер сұранысына бағытталуы тиіс.

Кадр дайындау кезінде жалпы көрсеткішті емес, мамандарды дайындаудан бастап өндірістің тапсырмасын да ескеру қажет.

Фермерлердің біліктілігін арттыру кезінде, кысқа уақытты курстарда, жаңа технологиялармен бөлісу кезінде де ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты тапсырыстары ескеріледі. Ауыл шаруашылығын өндірушілер өздерінің сұрақтарына ғалымдар мен мамандардың көмегіне жүгіне отырып, жауап ала алады.
Экстеншн жүйесі 4 бөлімнен тұрады:
1) Нақты кеңес беру қызметі.
2) Тәлімгерлікті ұйымдастыру, аудандағы табысты фермер ауыл тұрғындарына өз білгенімен бөліседі. Ақпараттық қамтамасыз еткені үшін мемлекет ақша төлеуге қашанда дайын.
3) Семинарлар өткізу.
4) Үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Ауылдағы фермерлерге жаңа бағдарламаның негізгі ережелерін, жұмыс істеу механизмдерін, заңдық актілер нормаларын сонымен қатар фермерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау түрлерін түсіндіру жұмыстары.

Қазіргі заманғы агротехнология трансферттеріне Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында ерекше назар аударылады. Жаңа технологияларды ойлап табу мақсатында, Ауыл шаруашылығы министрлігінің агротехнология орталығында жоғары білікті маман дайындайтын топ құрылады. Екінші деңгейде, АШМ құрамын кіретін, Қазақстанның шарттарына келетін шаруашылықтар қабылданады. Экстешн жүйесі мен білімді тарату жүйелері арқылы көпшіліктік тарату жұмыстары жүргізіледі.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
minagripress@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus