Сброс
[ A+ ] / [ A- ]
Мына жердесіз:  Басты бет Жаңалықтар АӨК-ті дамыту Карталары депутаттарға таныстырылды

АӨК-ті дамыту Карталары депутаттарға таныстырылды

4

Бүгін Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінде «АӨК-ті дамыту Карталары – ауыл шаруашылығын дамытуды мемлекеттік қолдау» тақырыбында Үкімет сағаты өтті.

Өздеріңіз білетіндей, Елбасының тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап АӨК-ті дамытудың 2021 жылға дейінгі бағдарламасы толық ауқымда іске асырыла бастады.

АӨК үшін мемлекеттік қолдау және Бағдарламаны жүзеге асыру үшін Министрлікте ауыл шаруашылығының басты бағыттары бойынша АӨК-ті дамыту Карталары жасалды.

Даму Карталары негізгі мәселелерге толық қанды талдау жүргізіле отырып жасалып, дамыту бойынша келесі нақты шаралар қарастырылған:
– ауыл шаруашылығы кооперациясы;
– аграрлық қайта өңдеу;
– АӨК-ні қарқынды техникалық қайта жарақтандыру;
– тұқым шаруашылығы;
– фитосанитариялық іс-шаралардың тиімділігін арттыру;
– агрохимия;
– азық өндірісі (азық теңгерімі);
– көтерме-тарату орталықтары;
– егістікті айналымға тарту;
– шалғайдағы қой шаруашылығы;
– аграрлық ғылымды түбегейлі жаңғырту;
– сиыр еті өндірісі;
– мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру.

Депутаттық корпусы алдында ҚР Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов: «АӨК-ті әрі қарай дамыту үшін маңызды мәселелер анықталып, жүйеленген нақты индикаторлары Карта түрінде әзірленді» – деп атап өтті.

Мәселен, ауыл шаруашылығы кооперациясы Картасы қабылданып, оны іске асырудың арқасында ағымдағы жылы мал шаруашылығында алғашқы нәтижелерге қол жеткізілді. Мал шаруашылығы өнімінің өндірісі 3,3 %-ға: ет өндірісі 5,7%-ға, сүт өндірісі 2,8%-ға ұлғайды.

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 56 мыңнан аса жеке қосалқы шаруашылық пен ұсақ шаруа қожалықты қамтыған 745 кооператив құрылды.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар жеке кәсіпкер болып қайта тіркеліп, 5 968 бордақылау алаңын құрды. Аталған бордақылау алаңдарының қуаттылығы – 102,5 мың басты құрайды.

Аграрлық қайта өңдеуді дамыту үшін егжей-тегжейлі талдау жүргізіліп, алғаш рет қайта өңдеу кәсіпорындарының Деректер базасы қалыптастырылды.
Импорт үлесінің жоғарылығын, жүктелмеген қуаттылықты және шикізаттық әлеуетті ескере отырып, қайта өңдеудің 9 басым түрі айқындалды.

Картаға сәйкес 79 жаңа зауыт салу және 80 зауытты жаңғырту керек.

Картаны іске асыру барысында қайта өңделетін өнімдердің жалпы өндірісін 1,9-дан 3 трлн. теңгеге дейін ұлғайтуға және 7 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

АӨК-ті дамытудың өзекті мәселелерінің бірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің техникалық жарақтануы болып табылады.

Ауыл шаруашылығы техникасының паркіне жүргізілген талдау барысында техникаларды қолдану мерзімі 17 жылдан асып кеткенін көрсетіп отыр. Бұл ретте, аталған тракторларды жөндеу мен жанар-жағармай шығыны 20%-ға өсіп, астық жинау барысында зиянын тигізетінін көрсетті.

Картаны жүзеге асыру машина-тракторлы парктерді жаңалау қарқынын арттырып, отандық ауыл шаруашылығы техникаларын өндіру көлімін ұлғайтуға және импорттық техникалар көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

Өкінішке орай, соңғы жылдары астық сапасының жыл сайын төмендеп келе жатқаны байқалады.

Негізгі себебі 2015 жылы элиталық тұқымдарды субсидиялау тоқтатылып, оларды субсидиялау кезіндегі ең төменгі нормалардың белгіленуі болып табылады.
Нәтижесінде себілген элиталық тұқым үлесі 2014 жылғы 6,3%-дан 2016 жылы 3,5%-ға дейін төмендеді.

Тұқым шаруашылығын қолдау және минералды тыңайтқыштар қолдану бойынша қабылданған шаралардың арқасында ағымдағы жылы бұл жағдайды дұрыстай алдық. Биылғы астық түсімінің сапасы өткен жылдың өнімінен бірнеше есеге өсті.

Тұқым шаруашылығы Картасында субсидиялау механизмін жетілдіру, тауарлы егістерге 1-репродукциядан төмен емес тұқымдарды пайдалануға біртіндеп көшу ұсынылды.

Тұқым шаруашылығы Картасын жетілдіре отырып, сұрып алмастыру мен сұрып жаңартуды жылдамдатуға, өнімнің түсімділігі мен сапасын арттыруға және жалпы жиналымға 8,3 млн. тоннаның қосылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар, Картада өсімдіктерді қорғау, агрохимия, жем-шөп өндіру, егістік алқабын ұлғайту, шалғайдағы қой шаруашылығы, көтерме-тарату орталықтары, аграрлық ғылымды жаңғырту мен мемлекеттік қолдау сондай-ақ, АӨК-ті дамытудың әр саласына нақты шаралар қарастырылған.

Қазіргі таңда, Карталар Министрліктің, «Атамекен» ҰКП-ның алаңында, сондай-ақ өңірлерде салалық қауымдастықтар және одақтар, қоғамдық кеңестер, агробизнес және ғылыми ұйымдар өкілдерімен талқыланды және барлық мүдделі тараптарды ескере отырып пысықталды.

Даму Картасы АӨК-ті жаңа сапалы деңгейге көтеруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, ішкі азық-түлік нарығы тұрақтылығын нығайтуға және саланың экспорттық бағдарын күшейтуге мүмкіндік береді.

Депутаттық корпус өкілдері ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға арналған Караталарды бірауыздан қолдап, алғаш рет АӨК-тің негізгі мәселелеріне нақты талдау жүргізіліп, оны шешу жолдары қарастырылғанын айтты.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі
+7 (7172) 555-765
mcx.gov@gmail.com

Пікір қалдыру

Cіздің email адресіңіз бөгде адамдарға көрсетілмейді Негізгі жолдар белгіленген *

*

Система Orphus